18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Қаскелеңде ер адамды көлік қағып өлтірді

Сәрсенбі күні, яғни, 27-наурызда Қаскелең қаласында жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып, ол сол жерде жан тапсырды, деп хабарлайды Kaskelenkzтілшісі.

Редакция Kaskelen.kz · 27 марта 2019
Қаскелеңде ер адамды көлік қағып өлтірді
Фото: архив Kaskelen News

Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 8 шамасында орын алған. Toyota автокөлігі Абылай хан көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай жүйткіп бара жатқанда, жаяу жүргінші өз жолымен жүгіріп өтпек болған. Соққының қатты болғаны сондай, ер адам оқиға орнынан 30 метрдей жерге ұшып кеткен. Зардап шегуші сол жерде есін жимастан қаза тапты.

"Қаскелең автопаркі" мекемесінің жанында болған оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полицейлер шақырылды. Қазіргі таңда жол көлік апатының нақты себептері анықталуда.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 27 марта 2019 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции