18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Қаскелеңде жас боксшылар бақ сынауда

25 ақпанда Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде КСРО спорт шебері, ҚР жоғарғы ұлттық дәрежедегі төрешісі Жақыпов Серік Болатұлын еске алуға арналған бокстан чемпионаттың ашылу рәсімі өтті.

Редакция Kaskelen.kz · 27 февраля 2020
Қаскелеңде жас боксшылар бақ сынауда
Фото: архив Kaskelen News

Қазақстан Республикасы чемпионатының «Шығыс» аймақтық біріншілігіне 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер қатысты.

Оған Нұр-сұлтан қаласы мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облысынан барлығы 120 жас спортшы келді.

Чемпионаттың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған спорттық шара 5 күнге жалғасады.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 27 февраля 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции