18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Қаскелеңдік дәмханалар төтенше жағдай тәртібін елемеуде

Қаскелеңдік дәмханалар төтенше жағдай тәртібін елемеуде, деп хабарлайды Kaskelenkzтілшісі.

Редакция Kaskelen.kz · 24 марта 2020
Қаскелеңдік дәмханалар төтенше жағдай тәртібін елемеуде
Фото: архив Kaskelen News

Кеше түнде Қаскелең қаласының әкімі А.Мұқашев пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы И.Қалиев түнгі сағат 22.00-ден соң қала аумағындағы бірқатар тамақтану орындарына рейд жүргізді. Бұл тексеру жұмыстарына Kaskelenkz блогері де қатысып, инстаграм желісінде тікелей эфир арқылы хабар таратты.

Белгілі болғандай, қоғамдық тамақтандыру орындарының көпшілігі түнгі 22.00-ден соң жұмыстарын тоқтатпаған. Рейд жүргізушілер оншақты кафе әкімшілігіне ескерту қағаздарын қалдырып, тәртіпке бағыну қажеттігін түсіндірді. Бұл заң бұзушылық қайталанған жағдайда, кәсіпкерлер қомақты айппұл арқалауы мүмкін.

Ең бастысы әр адам өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеуі қажеттігін естен шығармауы керек.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 24 марта 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции