18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Райымбек ауылындағы бекетте әскери сарбазды соққыға жыққан бұзақы ұсталды

51 жастағы азамат Райымбек ауылындағы карантиндік аумақта патрульдеп жүрген әскери қызметкерді соққыға жыққан, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Редакция Kaskelen.kz · 21 апреля 2020
Райымбек ауылындағы бекетте әскери сарбазды соққыға жыққан бұзақы ұсталды
Фото: архив Kaskelen News

16 сәуір күні сағат 16-30 шамасында төтенше жағдай кезінде арнайы шақырылған құрамында екі әскери сарбаз бар патруль өздеріне бекітілген Қарасай ауданының Райымбек ауылының аумағын патрульдеген.«Патруль талабы бойынша тоқтаған Лада Гранта көлігінің 51 жастағы иесі автокөліктен шығып, өзгелерінің алыста тұрғанын пайдаланып, 24 жастағы әскери сарбазды соққыға жыққан. Жергілікті тұрғын оқиға орыннан із суытқан. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,- деді Қарасай АПБ Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты Айдын Сейітов.Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, яғни 2004 жылы денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат салғаны үшін сотталғаны анықталды.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 21 апреля 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции