Архив
"Санта-барбара" сырғанақ алаңы қауіпті болып тұр
**Шамалған ауылындағы "Санта-барбара" атанып кеткен жабайы сырғанақ алаңы көпшілікке қауіпті болып тұр.**
Мысалы, аудандық аурухана берген мәліметтерге сүйенсек, үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында, бір тәулік ішінде осы жабайы демалыс орнында 38 адам әртүрлі дәрежедегі сынықтармен түскен.
Олардың ішінде екеуінің омыртқасы сынған, 4 ауруханаға жатқызылған, бір бала жедел ота жасау үшін облыстық ауруханаға жөнелтілген. Осыған орай, аурухана басшылығы тарапынан аудандық әкімдікке, жоғарыдағы жайтпен қатар, коронавируса індеті өршіп тұрған уақытта мұнда шамадан тыс көп адамның жиналуы да тұрғындар үшін қауіпті екені ескертіліп, сырғанақ алаңына қатысты тиісті шаралар қабылдау бойынша ұсыныс берілген.
Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 21 января 2021 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.