18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Шамалған ауылында көгалдандыру жұмысы қарқынды іске асуда

Қарасай ауданы, Шамалған ауылында көгалдандыру, көркейту жұмыстары қарқынды жүруде деп хабарлайды Kaskelen.kzауыл әкімінің инста парақшасына сілтеме жасай отырып.

Редакция Kaskelen.kz · 13 апреля 2021
Шамалған ауылында көгалдандыру жұмысы қарқынды іске асуда
Фото: архив Kaskelen News

Көктем айы өзінің шуағы мен нұрын шашып келе салысымен, Шамалған ауылына көгалдандыру жұмыстары жаслып, ауылымызды одан сайын көркейте түскен сыңайлы.Ауыл әкімінің айтуы бойынша, Шамалғанға "Салиқалы ұрпақ" қорының қолдауымен 200 түп ағаш отырғызылыпты.

"Кеше Шамалғанға кіре-беріске "Салиқалы ұрпақ " қорының қолдауымен, жүз түп қарағаш отырғызылды. Ал, бүгін аталған қордың демеушілігімен, орталық Жібек жолы көшесінің бойына 200 түп қарағай егілді. Сіздерді алдағы уақытта осы көшеттердің ауылымыздың келбетін арттыратындай жайқалып өсуіне атсалысады деп сенеміз."-, деп жазды ауыл әкімі Ержаз Тоқтарсынов.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 13 апреля 2021 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции