18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Шамалған бекетіндегі базар иесі жауапкершілікке тартылды

Елімізде короновирус инфекциясының алдын алу бойынша шаралар күшейтіліп жатқаны белгілі. Осыған байланысты Алматы облысы бойынша да бірқатар шектеу шаралары енгізілген болатын. Оның ішінде, короновирус індетінің таралуы…

Редакция Kaskelen.kz · 12 апреля 2020
Шамалған бекетіндегі базар иесі жауапкершілікке тартылды
Фото: архив Kaskelen News

Елімізде короновирус инфекциясының алдын алу бойынша шаралар күшейтіліп жатқаны белгілі. Осыған байланысты Алматы облысы бойынша да бірқатар шектеу шаралары енгізілген болатын. Оның ішінде, короновирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бүгіннен бастап Қарасай ауданы бойынша барлық базарлар жабылды.

Алайда, таңертең Шамалған бекетіндегі базар шектеу шараларына қарамастан жұмыс жасап тұрғаны жайлы редакциямызға тұрғындардан бірнеше видеожазба келді. Тілшіміз Жібек жолы ауылдық округі әкімі Алпамыс Айдарұлымен хабарласып, мән-жайды сұрады.

"Бүгін сауда орнына арнайы барып, жұртшылықты тәртіпке шақырдым. Ал, шектеу шарасына қарамастан, әкімдік ескертуін елемей, базарды ашқан кәсіпкердің іс-әрекеті бойынша полиция хатттама толтырды. Заңды белшесінен басқан базар иесі 15 тәулікке қамалуы мүмкін", - деп жауап берді әкім. Сондай-ақ ол тұрғындарды шыдамдылық танытып, тәртіп сақтауға шақырды.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 12 апреля 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции