18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Шамалғанда орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде "жедел жәрдем" неге жедел келмеген?

2020 жылдың 9 қаңтарында Қарасай ауданы Шамалған ауылында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Kaskelenkz.

Редакция Kaskelen.kz · 13 января 2020
Шамалғанда орын алған  жол-көлік оқиғасы кезінде "жедел жәрдем" неге жедел келмеген?
Фото: архив Kaskelen News

Оқиға орнында 3 жеңіл автокөлік пен 1 «Газель» соқтығысқан. Тұрғындардың айтуынша, шақырылған «жедел жәрдем» тек бір сағаттан соң келген. Көлік апатында зардап шеккен бір адам бір сағатқа жуық суық жерде жатып қалған.

Ал Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы берген ресми мәліметте «жедел жәрдем» 22 минутта оқиға орына жеткендігі айтылған:

« 13 қаңтар 2020 жылы Қарасай ауданы Шемолған ауылынан жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен жоқ. Бұл жол көлік апаты 9 қаңтар 2020 жылы орын алған. Жедел жәрдем станциясына жол көлік апаты туралы қоңырау түскеннен кейін жедел жәрдем көлігі 22 минутта оқиға орнына жеткен. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шеккен. Қосымша көмекке шақырылған екінші жедел жәрдем көлігі 13 минутта келген. Барлық зардап шеккендер Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді».

https://www.instagram.com/p/B7Pov7uDcXm/

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 13 января 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции