18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Шамалғанда су бағасы қымбаттауы мүмкін бе?

Шамалған округін ауыз сумен "Таусамалы" ЖШС қамтамасыз етеді. Таяуда мекеме басшылығы тарапынан су тарифі көтерілетіні хабарланған болатын. Яғни, бұған дейін жұртшылық бір кубқа 100.90 теңге төлесе, енді 254 теңге төлеу…

Редакция Kaskelen.kz · 21 августа 2019
Шамалғанда су бағасы қымбаттауы мүмкін бе?
Фото: архив Kaskelen News

Шамалған округін ауыз сумен "Таусамалы" ЖШС қамтамасыз етеді. Таяуда мекеме басшылығы тарапынан су тарифі көтерілетіні хабарланған болатын. Яғни, бұған дейін жұртшылық бір кубқа 100.90 теңге төлесе, енді 254 теңге төлеуі керек. Осыған байланысты, таяуда тұрғындармен басқосу ұйымдастырылып, оған Монополияға қарсы комитеттің бас маманы А. Нигметжанов, "Таусамалы" мекемесінің басшысы Б. Айнабеков қатысты. Өз сөзінде Б.Айнабеков мекеменің шығындарын ақтап, ескірген құбырларды жаңартып, өзге де жұмыстарды жүргізу үшін су тарифын көтеру қажеттігін алға тартқан еді. Оған тұрғындар бірауыздан қарсылық білдірді. Әрине, бұл қарапайым халықтың қалтасына ауыр соғатыны анық. Нәтижесінде комитет өкілдері мәселені назарға алып, шешімін алдағы уақытта айтатынын мәлімдеді.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 21 августа 2019 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции