18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Жас заңгерлермен жүздесті

Таяуда Қарасай аудандық полиция басқармасы Кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ербол Арыстанов С.Демирел университетінде бітіруші түлектермен жүздесті, деп хабарлайды Kaskelenkzтілшісі.

Редакция Kaskelen.kz · 13 августа 2019
Жас заңгерлермен жүздесті
Фото: архив Kaskelen News

Еліміздің ішкі істер органдарының қызметін насихаттау және ондағы жұмыстың ерекшелігі мен артықшылықтары жайлы әңгімелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға жас буын көп жиналды. Ербол Кеңесұлы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген қыз-жігіттерді ішкі істер органдарында жұмыс істеуге шақырды. Жас мамандарға қойылатын талаптарға тоқталып, қызығынан қиыны көп, бұл жауапты салада еңбек етудің жақсы тұстарын да әңгімеледі. Мол ақпаратқа қаныққан жастар өздерін қызықтырған өзге де сауалдарды полиция қызметкеріне жолдап, емен-жарқын сұхбаттан жақсы әсер алып тарқасты.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 13 августа 2019 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции