18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

Жасөспірімдермен еркін әңгіме өрбітті

Таяуда, Қаскелең қаласындағы Байжанов орта мектебінде 14-16 жас аралығындағы қыз балалармен "Репродуктивті денсаулықты қорғау" тақырыбында денсаулық сабағы өтті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Сабақ барысында жеткін…

Редакция Kaskelen.kz · 17 сентября 2019
Жасөспірімдермен еркін әңгіме өрбітті
Фото: архив Kaskelen News

Таяуда, Қаскелең қаласындағы Байжанов орта мектебінде 14-16 жас аралығындағы қыз балалармен "Репродуктивті денсаулықты қорғау" тақырыбында денсаулық сабағы өтті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Сабақ барысында жеткіншек қыздарға екіншілік жыныстық жетілу укезіндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістер,қыз баланың жеке бас гигиенасы, мінез-құлықтың қауіп қатер факторларының алдын алу,ерте жүктіліктің алдын алу және оның зияны мен салдары туралы айтылды.Тақырыпқа сәйкес бейне роликтер көрсетіліп,ақпаратық түсіндіру құралдары тарқатылды. Қарасай аудандық орталық аурухана дәрігері Дана Таждинова орталық аурухана жанында "Жастардың денсаулық орталығы" бар екенін еске салып, бойжеткендер мен бозбалалар денсаулықтарына қатысты кез-келген сұраққа байланысты осы жерге келе алатындығын айтты. Сонымен қатар, педагог-психолог пен гинеколог мамандар да өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен еркін әңгіме өрбітті.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 17 сентября 2019 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции