18 ноября 2026, среда
KASKELEN.KZ Добавить
Архив

"Жолда қабылдау" акциясы жалғасуда

Халыққа құқықтық көмек беріп, тәртіп сақшыларымен арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті арттыруға бағытталған "Жолда қабылдау" акциясы бүгін де жалғасын табуда. Қарасай ауланындағы осындай шара 19 шақырымда орнал…

Редакция Kaskelen.kz · 29 августа 2020
"Жолда қабылдау" акциясы жалғасуда
Фото: архив Kaskelen News

Халыққа құқықтық көмек беріп, тәртіп сақшыларымен арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті арттыруға бағытталған "Жолда қабылдау" акциясы бүгін де жалғасын табуда. Қарасай ауланындағы осындай шара 19 шақырымда орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды. Әдеттегідей, полиция басқармасының түрлі бөлім өкілдері тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап қайтарып, құқықтық бағытта кеңес беруде. Сонымен қатар, армениялық көлік иелері үшін үлкен жеңілдіктер жасалуда.

Ыңғайлы болуы үшін 30 және 31тамыз күндері Талдықорған және Қаскелең қалаларындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет атқармақ. Осы күндері Армения елінен әкелінген көліктеріңізді қазақстандық уақытша тіркеуге қоя аласыздар. Шетелдік көлігіңізді заңдастырудың бірегей мүмкіндігінен құр қалмаңыздар.

Н.Алтаев,

Алматы облысы ПД ӘПБ ПО бастығы, полиция подполковнигі.

Материал из архива Kaskelen News (qaskelen.kz), впервые опубликован 29 августа 2020 года.
Нашли ошибку или есть новость?
Редакция читает каждое сообщение.
Написать редакции