Алматы облысында Қошмамбет ауылы мен Қарасай ауданындағы Шамалған станциясы арасындағы тас жолда оқушының қатысуымен апат болды. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды kaskelen.kz. Видеоны мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.
Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт қосымша сабақтардан кейін үйіне Кошмамбет ауылына бара жатқан. Шамалған станциясынан сағат 17:00 шамасында мотоциклмен шыққан оқушы Toyota Camry маркалы автокөлікпен соқтығысып, нәтижесінде ауыр жарақаттар алды.
Баланың аты Ибраһим екені белгілі және ол жергілікті ауыл мектебінің 11 сыныбында оқыды. Тұрғындардың айтуынша, жолдың дәл осы бөлігінде апат көп орын алады.