Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмай полицияға тапсырып кеткен

фото: ашық дереккөз

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмай полицияға тапсырып кеткен

05.12.2023
Өңір тынысы
103
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмағандықтан, оларды полиция қызметкерлеріне тапсырып кеткен. Қарасай ауданында кәмелетке толмағандарды қабылдайтын орын болмағандықтан, екі бүлдіршін қазір Шамалған ауылындағы ауруханада жүр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Екі бүлдіршін анасы тастап кеткеннен бір апта бойы Шамалған ауылындағы ауруханада қонуға мәжбүр. 2 және 5 жастағы балаларды анасы тәртіп сақшыларына әкеліп берген. Кейін бүлдіршіндер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Ауруханадағылар кішісі сол күні анасын іздеп жылай бастағанын, ал дәрігерлер оны сыртқа шығарып ойнатып, жұбатуға тырысқандарын айтты. Қазір ағалы-қарындасқа ауруханадан жеке бөлме берілді. Себебі мұнда түрлі дертпен түсетін балалар көп.

“Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы. Осында тамақ ішіп, есік алдына серуендеуге шығады. Екі медбике тәулік бойы қарап жүр. Бірақ мұнда түрлі дертпен түсетіндер саны көп болғандықтан, әрине қорқыныш та бар”, – деді Қарасай аудандық орталық ауруханасы педиатрия бөлімінің дәрігері Байрам Асланов.

Бес жастағы балақай үштегі қарындасына қамқор болып жүр. Аурухана қызметкерлері мен өзге де тұрғындар оларға киім-кешек әкеліп, көмек көрсетуде. Ал анасының мұндай шешімге не себептен барғаны белгісіз. Екі баланың анасы Шамалған ауылында тұрмайды екен. Іргелі ауылдық округінде тұратын әйел ұл-қызын әлі бірде-бір рет іздеп келмеген. Енді бүлдіршіндердің ары қарайғы тағдыры не болатынын комиссия шешеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Төтеншелік Дәурен Қадыр  күміс жүлдемен оралды

Төтеншелік Дәурен Қадыр күміс жүлдемен оралды

29.04.2025
Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

20.04.2025

“Кәмелеттік жасқа толмаған 2 баласын отбасылық жағдайына байланысты асырай алмайтындығын айтып, өтініш ретінде білдірген. Алдағы уақытта Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ісімен айналысатын комиссияның алдымыздағы жұмада отырысы болады. Енді бұл мәселе осы отырыстан кейін толығымен шешіледі”, – деп мәлімдеді Шамалған ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәурен Абзалұлы.

Тег: жетімдершамалған ауылы

Ұқсас материалдар

Төтеншелік Дәурен Қадыр  күміс жүлдемен оралды

Төтеншелік Дәурен Қадыр күміс жүлдемен оралды

29.04.2025

Өзбекстан елінде 20-дан астам елден 700-ге жуық спортшы қатысқан әлем чемпионаты өтуде. Сол жарыста Алматы облысының Кеген ауданының төтенше жағдайлар...

Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

20.04.2025

19 сәуір күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалында дала және орман өрттерін...

«Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек?

«Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек?

24.02.2024

Соңғы айда жер сілкінісі Алматылықтардың қорқынышты түсіне айналды. Бұл табиғат құбылысы Алматыға қалыпты жағдай болғандықтан, оған әрдайым дайын болу керек....

Алматы облысында 24 жастағы келіншек құрсақтағы баласын сатпақшы болған

Алматы облысында 24 жастағы келіншек құрсақтағы баласын сатпақшы болған

24.11.2023

Алматы облысында құрсақтағы баласын сатуға тырысқан 24 жастағы шетелдік әйел ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы...

Келесі
Шымкентте 28 жастағы ұлын өлтірген әкесі ұсталды

Шымкентте 28 жастағы ұлын өлтірген әкесі ұсталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz