Алматыда тағы да Барахолка өртеніп кетті. Қаланың осы бөлігінде қара түтін бағаналары көрінді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Осы уақытта қалалық ТЖ департаментінде өрт сөндірілгені туралы хабарланды.
“26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірушілер Жансүгіров атындағы Жетісу ауданында, “Алмалы” сауда кешенінде болған өртті сөндерген. Онда 80 шаршы метр контейнер өртенген еді. Қабылданған шаралармен тауарлық-материалдық құндылықтары бар жақын маңдағы сауда қатарларына оттың таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады өрт сөндірушілер.