Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Асфальтты біз төсегенбіз”: Қаскелең тұрғындары біреудің жекеменшігіне өткен жолды ашып беруді талап етті

фото: Видеодан кадр: КТК арнасы

“Асфальтты біз төсегенбіз”: Қаскелең тұрғындары біреудің жекеменшігіне өткен жолды ашып беруді талап етті

10.11.2023
Өңір тынысы
37
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жол азабын тартқан Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғындары ашуға салынды. Тұрғындардың айтуынша, карта бойынша сызылған жолдың бір бөлігі аяқ астынан біреудің меншігіне айналған. Әкімдіктегілер жер жекеменшікке заңды немесе заңсыз жолмен өткенін айта алмады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қаскелең қаласының жоғарғы жағындағы үйлер осыдан 10 шақты жыл бұрын салынған. Шамамен 100-ге жуық үй бар. Қалаға шығатын жалғыз жол осы. Енді алдағы уақытта бұл жол да жан-жағынан жабылып, тұрғындар мүлдем қамалып қаламыз ба деп қорқып отыр. Тұрғындар кезінде өз қаражатына салған жолды осыдан үш ай бұрын біреу қопарып, қақпа салып тастағанын айтады.

“Асфальтты біз төсегенбіз. Енді мына кісілер біздің мемлекеттік актіміз бар деп жауып тастады. Жол былай қарай келу керек. Енді жоқ. Ашып беруін талап етеміз”, – дейді тұрғындар.

100-ге жуық отбасы қазір көршісінің учаскесімен өтіп жүрген көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Төтеншелік Дәурен Қадыр  күміс жүлдемен оралды

Төтеншелік Дәурен Қадыр күміс жүлдемен оралды

29.04.2025
Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

20.04.2025

“Мына жол төрт көшенің жалғасы. Сонда жалғыз жол. Мектепке де барады. Мектепте 300 бала оқиды. Оларға да жол жоқ, бізге де жоқ. Егер ол кісі жауып тастайтын болса, біз тікұшақпен ұшып жүруіміз керек”, – дейді Қаскелең тұрғыны Бауыржан Сейітжанұлы.

Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары Серік Қамзанов телеарна тілшісіне берген мәліметінде қаланың бас жоспарына 2018 жылы өзгеріс енгізілгенін айтады.

“Сіздердің сұрауларыңыз бойынша мынау біреудің жер телімі жолға түскен. Оның қазір заңдылығын қосымша анықтаймыз. Сәулет, жер қатынастары бөлімі бар, солармен анықтап, қосымша ақпарат береміз. Ал халықтың сұрап отырған, ыңғайсыз туғыздырып отырған жер теліміне біз қазір демеушілердің арқасында тас төсеу, жол тегістеу жұмысын сұрап отырмыз. Осы қараша айының соңына дейін халыққа сол жерді тегістеп, ыңғайлы өтуіне жағдай жасаймыз”, – дейді жергілікті билік өкілі.

Тег: жер телімізаңбұзушылықкаскелен

Ұқсас материалдар

Төтеншелік Дәурен Қадыр  күміс жүлдемен оралды

Төтеншелік Дәурен Қадыр күміс жүлдемен оралды

29.04.2025

Өзбекстан елінде 20-дан астам елден 700-ге жуық спортшы қатысқан әлем чемпионаты өтуде. Сол жарыста Алматы облысының Кеген ауданының төтенше жағдайлар...

Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

20.04.2025

19 сәуір күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалында дала және орман өрттерін...

«Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек?

«Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек?

24.02.2024

Соңғы айда жер сілкінісі Алматылықтардың қорқынышты түсіне айналды. Бұл табиғат құбылысы Алматыға қалыпты жағдай болғандықтан, оған әрдайым дайын болу керек....

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмай полицияға тапсырып кеткен

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмай полицияға тапсырып кеткен

05.12.2023

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмағандықтан, оларды полиция қызметкерлеріне тапсырып кеткен. Қарасай ауданында кәмелетке толмағандарды қабылдайтын орын болмағандықтан, екі...

Келесі
Самат Әбішке қатысты қозғалған іс сотқа жіберілді

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz