Қазақстанда ет бағасы 12%-ға өсті. Бұл туралы сарапшылардың есебінде айтылған, деп хабарлайды kaskelen.kz.
2023 жылғы шілденің қорытындысы бойынша ет өнімдерін қоса алғанда, ет бағасы бір айда 0,3%-ға және бір жылда 11,2%-ға өсті.
Energoprom компаниясының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі зерттеуіне сәйкес, өңірлік бөліністе елорда тұрғындары жылдық динамикада бағаның өсуін қатты сезінді: плюс 16,3%.
Антилидерлердің үштігіне Алматы (плюс 15,5%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 15,2%) облыстары да кірді.
Айта кетейік, Түркістан облысында ең аз шығын тіркелген: 5,7%.
“Ет түрлері бойынша сиыр еті 11,5%-ға, қой еті – 7,1%-ға, шошқа еті – 11,9%-ға, жылқы еті – 9,1%-ға, пісірілген шұжық-14,5% – ға, жартылай ысталған шұжық – 12,7%-ға қымбаттады”, – дейді сарапшылар.