Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Ақшаны Бекболат Тілеуханов алды”: “Кausar Trаvel” директоры 6 жылға сотталды

“Ақшаны Бекболат Тілеуханов алды”: “Кausar Trаvel” директоры 6 жылға сотталды

26.09.2023
Жаңа Қазақстан
231
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Шымкентте атышулы сот процесі аяқталды. Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындары Мекке мен Мединаға барамыз деп алданып қалған болатын, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушылар орындығында Кausar Trаvel туристік фирмасының директоры болды, ол жүздеген қазақстандықты алдады деген күдікке ілінген еді. Қажылардың әрқайсы қасиетті жерлерге бару үшін кем дегенде мың доллар төлепті. Олардың кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмаса, ал кейбіреулері шет елде баспана, ақша, тамақсыз қалды.

Сот процесі басталғанға дейін сотталушы журналистермен сөйлесуге және істің анық-қанығын бөлісуге ниет білдірді.

Сізге ұнауы мүмкін

Жер дауы: Қарасайлықтар сатып алған жерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр

Жер дауы: Қарасайлықтар сатып алған жерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр

04.12.2023
“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды

28.11.2023

“ҰҚК-ге, Шымкент ПД-ға және инстанцияға арыз жаздым. Іс бойынша Бекболат Тілеуханов та өтуге тиіс. Ол алданған адамдардың барлық ақшасын алып кетті…” – деді сотталушы сот процесі басталғанға дейін.

Сотта 300-ге жуық адам куә болды. Зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін. Сот жарыссөзінде прокурор компания директорын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

“Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді”, – деп судья Айнель Орақбаева.

Турфирма директоры өз кінәсін мойындамады.

Айта кетейік, жанжал биыл қаңтарда, ал сот процесі шілдеде басталды. Шамамен екі ай бойы судья осы іс бойынша зардап шеккендер мен куәгерлерден жауап алды.

Ұқсас материалдар

Жер дауы: Қарасайлықтар сатып алған жерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр

Жер дауы: Қарасайлықтар сатып алған жерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр

04.12.2023

Алматы облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген 300-ден астам жер телімінің иелері сатып алған жерлерінен айырылып қаламыз ба деп...

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды

28.11.2023

Абылай Мырзахметовты қамауға алу 10 желтоқсанға дейін созылды, деп хабарлайды kaskelen.kz. "Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 31 қазанда күдікті...

“Біз әлі ашық, демократиялық елде тұрмаймыз”: Экс-министр Біртанов өзіне жемқорлық айыбын таққандардың атын атаудан қорқады

“Біз әлі ашық, демократиялық елде тұрмаймыз”: Экс-министр Біртанов өзіне жемқорлық айыбын таққандардың атын атаудан қорқады

27.11.2023

Жемқорлық бойынша айып тағылған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзіне айып таққандардың нақты кім екенін білмейтінін және есімдерін атауға...

Ақтөбеде балаларды ұрып-соқты деген күдікке ілінген балабақша жабылды

Ақтөбеде балаларды ұрып-соқты деген күдікке ілінген балабақша жабылды

25.11.2023

Ақтөбеде қызметкерлері бүлдіршіндерді ұрып-соқты деп айыпталған жекеменшік балабақша жабылды, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Облыстық білім...

Келесі
Қазақстанда бидай импортына тыйым салынды

Қазақстанда бидай импортына тыйым салынды

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz