Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жағымсыз иістен уландық: Іргелі округі тұрғындары жанайқайын жеткізді

Жағымсыз иістен уландық: Іргелі округі тұрғындары жанайқайын жеткізді

28.07.2023
Жаңа Қазақстан
19
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысында тұтас бір ауыл елдімекеннің иегінде орналасқан өндіріс орны химиялық улы газ бөліп, жағымсыз иіс тарататынын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Қалаға іргелес жатқан Іргелі ауылдық округінде адам саны күн өте өсіп келеді. Ал осы округке қарасты Кемертоған ауылының қақ ортасында бірнеше өндіріс бар. Осындағы зауыттардың бірінен зиян шектік деген жұрт, жарты жылдан бері талабын тыңдата алмай әлек.

Тұрғындардың айтуы бойынша, зауыттан шыққан жағымсыз химияның иісі мұрынға келгенде демала алмай қалатын көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

– Пластмассаны өртегенде  химияның иісішығады ғой, демала алмай қаламыз. Тарсылдататындары тағы бар. Әсіресе жел тұрған иіс бүкіл ауылға тарайды, – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Әлімхан Алдажарова.

Сәуір айында тәуір табыс таппақ болып іске қосылған зауыттың жұмысы, жергілікті жұртты жұтындырмай тастапты. Өңештен алған улы иіс тұтас ауылды жайлап, тынышын алған.

– Алюменийдің құймаларын көрдім. Анау әкімнің орынбасары да көрді. Алтынның құймасы сияқты жинап қойған. Олар ақша жасайды, біз зейнетақымызды дәрі сатып алуға жұмысаймыз. Алма ағаштың гүлінің бәрі қурап түсіп қалды. Ол да мынадан келген түтіннің әсері, – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Алмас Байелов.

Ендігі ауыл тұрғындардың талабы зауытты толығымен жауып, химияның улы иісінен тезірек арылу болып отыр. Алайда, жергілікті биліктің айтуынша зауыт иесінің өзі бұл жерді жалға алып отыр. Негізгі бас кеңсесі Талдықорғанда орналасқан.

– Басқа жерге көшіруді ойластырып жатырмыз. Өйткені біз де жұмыс жасай алмаймыз, шағым түсе берсе, бізге де ыңғайсыз. Зауыт жұмыс істеп жатқан жоқ, – деді зауыттың өкілі Өркен Серік.

Ал әкімдік өкілдері шағым түскен шектеулі серіктестіктің иесіне қатысты тексеріс басталатынын айтты. Жуырда облыстық санитарлық бақылау басқармасы арнайы құрылғымен келіп тексеріс те жүргізіп кеткен.

Тег: жағымсыз иісзауыткаскеленкзқарасай ауданы

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Қандай оқушылар мектеп формасы мен оқу құралдарын тегін алады?

Қандай оқушылар мектеп формасы мен оқу құралдарын тегін алады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz