Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жағымсыз иістен уландық: Іргелі округі тұрғындары жанайқайын жеткізді

Жағымсыз иістен уландық: Іргелі округі тұрғындары жанайқайын жеткізді

28.07.2023
Жаңа Қазақстан
18
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысында тұтас бір ауыл елдімекеннің иегінде орналасқан өндіріс орны химиялық улы газ бөліп, жағымсыз иіс тарататынын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Қалаға іргелес жатқан Іргелі ауылдық округінде адам саны күн өте өсіп келеді. Ал осы округке қарасты Кемертоған ауылының қақ ортасында бірнеше өндіріс бар. Осындағы зауыттардың бірінен зиян шектік деген жұрт, жарты жылдан бері талабын тыңдата алмай әлек.

Тұрғындардың айтуы бойынша, зауыттан шыққан жағымсыз химияның иісі мұрынға келгенде демала алмай қалатын көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

25.09.2023
Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

25.09.2023

– Пластмассаны өртегенде  химияның иісішығады ғой, демала алмай қаламыз. Тарсылдататындары тағы бар. Әсіресе жел тұрған иіс бүкіл ауылға тарайды, – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Әлімхан Алдажарова.

Сәуір айында тәуір табыс таппақ болып іске қосылған зауыттың жұмысы, жергілікті жұртты жұтындырмай тастапты. Өңештен алған улы иіс тұтас ауылды жайлап, тынышын алған.

– Алюменийдің құймаларын көрдім. Анау әкімнің орынбасары да көрді. Алтынның құймасы сияқты жинап қойған. Олар ақша жасайды, біз зейнетақымызды дәрі сатып алуға жұмысаймыз. Алма ағаштың гүлінің бәрі қурап түсіп қалды. Ол да мынадан келген түтіннің әсері, – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Алмас Байелов.

Ендігі ауыл тұрғындардың талабы зауытты толығымен жауып, химияның улы иісінен тезірек арылу болып отыр. Алайда, жергілікті биліктің айтуынша зауыт иесінің өзі бұл жерді жалға алып отыр. Негізгі бас кеңсесі Талдықорғанда орналасқан.

– Басқа жерге көшіруді ойластырып жатырмыз. Өйткені біз де жұмыс жасай алмаймыз, шағым түсе берсе, бізге де ыңғайсыз. Зауыт жұмыс істеп жатқан жоқ, – деді зауыттың өкілі Өркен Серік.

Ал әкімдік өкілдері шағым түскен шектеулі серіктестіктің иесіне қатысты тексеріс басталатынын айтты. Жуырда облыстық санитарлық бақылау басқармасы арнайы құрылғымен келіп тексеріс те жүргізіп кеткен.

Тег: жағымсыз иісзауыткаскеленкзқарасай ауданы

Ұқсас материалдар

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

25.09.2023

Энергетика министрлігі 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылатынын мәлімдеді. Сол кезде АИ-95 маркалы бензиннің бағасы өзгеруі мүмкін,...

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

25.09.2023

Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мектепте баспалдақтан құлаған баланың жағдайы қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz. Ведомствоның хабарлауынша, 18...

Петропавлда ер адам бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болды

Петропавлда ер адам бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болды

21.09.2023

Петропавлда әйелімен жанжалдасып қалған соң бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz. Ведомтсво мәліметінше, 20...

Ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызды зорламақ болды (видео)

Ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызды зорламақ болды (видео)

21.09.2023

Батыс Қазақстан облысында 34 жастағы ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасап, оны зорламақ болды. Бұл туралы kaskelen.kz...

Келесі
Қандай оқушылар мектеп формасы мен оқу құралдарын тегін алады?

Қандай оқушылар мектеп формасы мен оқу құралдарын тегін алады?

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz