Оқу-ағарту министрлігі Starlink спутниктік интернеті қосылатын мектептер тізімін бекітуде, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Тиісінше министрліктердің алдында тұрған басты міндет – барлық оқу кабинеттерін жергілікті желімен жабдықтау және ауыл мектептеріндегі интернет жылдамдығының көрсеткіштерін барынша жоғары деңгейге жеткізу.
Отандық провайдерлер интернетке қол жетімсіз ауылдарда қолданылады. Қазіргі таңда Starlink мүмкіндіктері тек он оқу орнында пилоттық режимде сыналып жатыр. Нәтижесі қаңтар айында белгілі болады.