Қазақстандықтар Алматы облысық жастар саясаты басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп петиция жариялады, деп хабарлайды kaskelen.kz.
ALASH интернет-сайтында Алматы облысының жастар саясаты басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Мәди Ахметовті қызметінен босатуды талап етіп петиция жариялады.
“Ол “қазақ жастарының атынан” Алматыда тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды. Назарбаевтың өзі ескерткіштен бас тартты. Кейін Мәди Ахметов президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды”, — делінген петиция мәтінінде.
Екі сағаттың ішінде Мәди Ахметовті отставкаға жіберу туралы өтінішке 84 адам қол қойды.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұрынғы мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтың Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.