Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Туризмге арналған тұңғыш форум халықаралық деңгейде өтті

Туризмге арналған тұңғыш форум халықаралық деңгейде өтті

28.07.2023
Жаңа Қазақстан
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бүгін І Халықаралық туризм және медиа форумының 2-күні. Кеше әлемнің 15 елінен, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ге жуық журналист Алматы облысындағы Көлсай көлдері және Шарын шатқалына пресс-турға барды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі. 

Ал бүгін облыстық әкімдіктің қабырғасында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында семинар-тренинг басталды. Шараға қатысу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келді.

Сізге ұнауы мүмкін

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

25.09.2023
Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

25.09.2023

Семинар-тренингтегі алғы сөзді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев алып, туризмді дамытуда БАҚ-ның маңызы зор екенін, бүгін Қонаевта ауқымды 2 шара өтіп жатқанын айтты.

“Екі күн өңірімізге деген назар ерекше болып тұр. Қонаев қаласында қос бірдей халықаралық деңгейдегі шара – Медиа және туризмнің халықаралық форумы және әуе шарларының фестивалі өтіп жатыр. Әлемнің 15-ке жуық мемлекетінің және еліміздің көптеген өңірлерінің БАҚ-ның өкілдері қатысып отырған медиа форумның маңызы зор. Бұл ірі екі шара өңіріміз туралы ақпараттық кеңістікте оң пікір қалыптастырады деген сенімдеміз. Себебі, Алматы облысы үшін туризмді дамыту – бұл маңызды экономикалық фактор”, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің сөзінше, туризм индустриясы БАҚ-мен, ал қазіргі заманда жаңа медиалар – әлеуметтік желілермен тығыз байланысты.

“Желіге туристік нысан туралы көп ақпарат тараса, сонша көп адам көріп, туристік орындарға келеді деген сөз. Сондықтан да туризмді дамытуға сеп болатын медиа құралдарды дамыту маңызды”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар ол туризмдегі инфрақұрылым, қызмет сапасын көтеру сынды мәселелерге де тоқталып өтті. Бұл мәселелерді шешу бағытында Үкіметтің қолдауы да жоқ емес.

“Алматы облысында кәсіпкерлер туристік нысандарды салса, шығындарының 10%-ын, жол бойындағы сервистік нысандарды салса 10%-ын, туристік автобустар алса 25%-ын қайтару механизмі қарастырылған. Аталған және басқа да көптеген мәселелерді шешу қазіргі күні әзірленіп жатқан өңірімізде туризмді дамытудың Мастер-жоспарының аясында қарастырылмақ. Бүгінгі шара жемісті болсын”, – деді облыс әкімі.

Келесі кезекте халықаралық медиа форумның ашылуымен министр Дархан Қыдырәлі құттықтады.

«Баршаңызды Жетісу жерінде Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырып отырған форумның ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысы екіге бөлініп, жаңа облыс орталығы Қапшағай қаласына Д.Қонаевтың есімін беру –  тарихи әділеттілік болды. Облысқа алғаш рет келіп отырғандықтан, өңір басшылығын осы тарихи шешіммен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, ел арасында «тарих Шумерден басталады» – деген сөз бар, ал біздің тарихымыз Іле өзенінен басталады. Тіпті, көне түрік күнтізбелік мүшел жыл санауы Іле өзенімен байланысты. Қонаев құрылғалы бері ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Облыс әкімі айтып кеткендей, туризмді дамыту үшін БАҚ-ның ақпараттық насихаты маңызы ерекше. Бүгінгі медиа мен туризмді бір жерге тоғыстырған форум Алматы облысының туризмі дамуына септігін тигізеді», – деді министр.

Шараның ұйымдастырушысы, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы болса, әлемдік туризмнің пандемиядан кейін дамығанын тілге тиек етіп, былтырғы кіріс 1 трлн АҚШ долларға жеткенін атап өтті.

«Алматы облысы – қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы, тарихы, салт-дәстүрінің ең басты даму мекені. Сол себепті форум биыл осы жерде ұйымдастырылып отыр. Тамызда Анталиядан журналистер келіп, өңір басшысының қолдауымен бұл жерде тағы да ауқымды шара өтеді. Онда туризмді дамыту, инвестиция тарту секілді мәселелер қарастырылатын болады. Шетелге шығу жақсы,бірақ, Қазақстанның да көрікті жерлері көп, соларды әлеуметтік желіде насихаттап, ішкі туризмді дамытуға шақырамын», – деді қор президенті.

Бұдан кейін журналистер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, министрмен, облыс әкімімен пікір алмасты.

Семинар-тренингтің бірінші отырысы Қазақстандағы туризм: даму келешегі мен мүмкіндігі тақырыбында өтіп жатыр

Тег: Алматы облысыБАҚЖурналисткаскеленкзПресс турТуризм

Ұқсас материалдар

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

25.09.2023

Энергетика министрлігі 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылатынын мәлімдеді. Сол кезде АИ-95 маркалы бензиннің бағасы өзгеруі мүмкін,...

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

25.09.2023

Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мектепте баспалдақтан құлаған баланың жағдайы қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz. Ведомствоның хабарлауынша, 18...

Петропавлда ер адам бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болды

Петропавлда ер адам бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болды

21.09.2023

Петропавлда әйелімен жанжалдасып қалған соң бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz. Ведомтсво мәліметінше, 20...

Ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызды зорламақ болды (видео)

Ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызды зорламақ болды (видео)

21.09.2023

Батыс Қазақстан облысында 34 жастағы ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасап, оны зорламақ болды. Бұл туралы kaskelen.kz...

Келесі
Қазақстанда вейпке мүлде тыйым салынады

Қазақстанда вейпке мүлде тыйым салынады

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz