Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Түркістан облысында ағасы екі қарындасын құлдықта ұстап отырған (фото, видео)

Түркістан облысында ағасы екі қарындасын құлдықта ұстап отырған (фото, видео)

10.09.2023
Жаңа Қазақстан
143
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында Назүл және Құндыз есімді апалы-сіңлі қыздарды өз ағасы еңбек құлдығына жеккен. Ол қос қарындасына мал бақтырып келген, деп хабарлайды kaskelen.kz “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап.

“Жасандылық бұл диагнозда болмайды. Екінші, біреудің сөзін қайталамайды. Үшінші фактор, жұмсақ жерді жақсы көреді, яғни қайдан жылулық көреді сол жаққа ұмтылады. Шизофрения деген диагноз айтылыпты. Ол диагнозды байқаған жоқпын. Ешқандай шизофрения жоқ. Бұл жерде ақылесінің кемістігі орташа. Орташа дәрежесіне сипаттама берейін. Әрқашан бақылауда ұстауды қажет етеді. Өзі тұрып, өзі жұмыс жасай алады, бірақ бәрібір де бақылау қажет.

Өзі тұрып әрекет жасай алады, орта мектепті бітірмесе де, жеңіл дәрежесінде колледж бітіруге мүмкіншілігі болады олардың. Құндыздың жағдайы шамалы ауырлау, Назгүлдікі дұрыстау. Әртүрлі логикалық сұрақтар қойып көрдім. Агрессия бір периодта болады. Сезон ауысқан кезде болады. Олар тіпті бір-бірін ұрып-соғуы да мүмкін, ондай агрессия көрсетпеуі де мүмкін.

Сізге ұнауы мүмкін

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

25.09.2023
Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

25.09.2023

Өйткені бұл аурудың клиникасында солай жазады. Екеуі де бір-бірін бақылай алмайды. Мен сұрақ қойған кезде бұлар қойдың санын да білмейді. Өйткені бұл туа пайда болуы мүмкін немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болғаны белгілі, жүре пайда болғаны үш жастан кейін көрініс бере бастайды.

Ағасы мен жеңгесіне шизофрения деген диагноз қойып берген ғой. Негізгі қателік қай жерде басталғанын айтайын. Мектептен бастайын, ол жерде мұғалім, психолог бар. Баланың білімі жетпей жатқан кезде міндетті түрде бұл балалар арнайы мектепке бару керек деп дабыл қағу керек. Бұл адамдарға терапия, реабилитация және дағдыландыру керек. Ақыл-есінің кемістігі бар балалар ортадан қорқады. Социофобия деген нәрсе бар, сондай жерден қашып жүреді. Сондықтан оларды арнайы мектепте оқытуы керек еді. Бастапқы қате осы жерден кеткен”, – деді психиатр Санжар Тұрсынметов.

Фото: Бейнеден алынды

Қыздардың жағдайынан бұрыннан хабардар болып келген ауыл әкімі оларды мемлекетке өткіземін деп жеңгесі мен ағасы ешқашан келмегенін жеткізді.

“2013 жылы “Тұл жетім” бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданынан 2 бөлмелі үй алып бергенбіз. Сонда 3-4 жыл тұрды. Ол кезде қараушысы Қанат деген кісі болды. 2009 жылы Қанаттың шешесі бірге тұрып, қарады. Одан кейін ауылға қайта келді бұл қыздар. Қанат отказной жазып өткізіп жіберіпті. 2016-2017 жылдан бері қыздар ауылда тұрады. Сосын үй облыстың қарауына өтіп кетті.  Екі қыздың жағдайын 15 күннен бері білемін. Сол кезде екі дәрігер мен өз қарамағымдағы адамдарды жібердім. Бірақ осы уақытқа дейін мен мына қыздарды қарай алмаймын, өткіземін деп ешкім арызданған емес. Әкім болғаныма үш жыл болды” – деді Отырар ауданы Шілік ауылының әкімі Айдархан Рүстемов.

Ал Назгүл мен Құндыздың жеңгесі әу бастағы мақсатым екеуін үкіметке өткізу болды дейді.

“Менің о бастағы мақсатым және қазіргі мақсатым да екеуін үкіметке өткізу” – деді екі қыздың жеңгесі.

Отырар ауданының Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысының айтуынша, олардың есігін қыздардың жеңгесі тек пәтер жағдайымен ғана қаққан.

“Есімде бары Отырар ауданының экс-әкімі Әбдіғани Жүнісовтың кезінде Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданында пәтерге қатысты жұмыстармен келген болатын. Пәтерді немере ағасы алып қойып жатыр деген мәселемен келді. Ол пәтердің мәселесі біздің құзыретімізге кірмейтіндігін, Шымкент қаласындағы Тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бару керегін айттық. Бізге жалғыз келген жоқ, жанында сіңлісі болды. Үкіметке екі қайынсіңлімді өткізейін деп едім деген мәселемен келген емес.

Назгүл екінші топ мүгедегі болғандықтан жоқ. Ал Құндызға 1 шілдеден бастап 65 000 теңге. Оған дейін 42 мың теңге болған. Ал қамқоршылыққа бірінші топ мүгедегіне 90 000 теңге, екінші топ мүгедегіне 71 000 теңге болды. Жалпы 226 000 теңге алады ай сайын”, – деді Отырар ауданының Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Қалдира Қызбай.

Сонымен қатар, қыздардың үлкені Назгүлдің атындағы әке-шешесінен қалған үйді аға жеңгесі сатып жіберген.

“Ол үй әке-шешемізден қалған. Ол үйді өзім алғанмын. Үйді екі-үш жыл бұрын 900 000 теңгеге саттым. Әкеміз қайтыс болғанда біз времянкада тұрғанбыз. Әкеміз қайтыс болған соң шешесінің атына өтті үй. 2008 жылы қайтыс болғаннан кейін қыздың атына өтті” – деді Сәулебек Әбілдаев.

Қыздардың жағдайын қорытындылай келе, оларды ағасы мен жеңгесі Тараздағы көпбалалы ана Зүльфия Төленованың қамқоршылығына беретін болды.

Ұқсас материалдар

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

Бензин бағасы өсуі мүмкін: мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылады

25.09.2023

Энергетика министрлігі 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылатынын мәлімдеді. Сол кезде АИ-95 маркалы бензиннің бағасы өзгеруі мүмкін,...

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

Сыныптасы баспалдақтан итеріп жіберген оқушының жағдайы белгілі болды

25.09.2023

Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мектепте баспалдақтан құлаған баланың жағдайы қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz. Ведомствоның хабарлауынша, 18...

Петропавлда ер адам бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болды

Петропавлда ер адам бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болды

21.09.2023

Петропавлда әйелімен жанжалдасып қалған соң бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz. Ведомтсво мәліметінше, 20...

Ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызды зорламақ болды (видео)

Ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызды зорламақ болды (видео)

21.09.2023

Батыс Қазақстан облысында 34 жастағы ер адам көшеде өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасап, оны зорламақ болды. Бұл туралы kaskelen.kz...

Келесі
Қазақстандық әйел түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қазақстандық әйел түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz