Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
2024 жылы елімізде қанша қызметкер жұмыс орнында көз жұмды?

фото: pixabay.com

2024 жылы елімізде қанша қызметкер жұмыс орнында көз жұмды?

24.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде бір жылда жұмыс орнында 202 адам қаза тапты. Ол жандар қандай мамандық иесі болды? Осы мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратпен бөлісті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметінше, 2024 жылы жұмыс орнында зардап шеккендер саны азайды. Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында 1408 адам жарақат алса, 2023 жылы 1474 адам жарақат алған. Яғни, ол бір жылда 4,5%-ға төмендеді.

2023 жылы қызмет көрсету орнында 251 жұмысшы, 2024 жылы 202 адам қаза тапты. Бір жылда 18,5%-ға төмендеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Жұмысшылары зардап шеккен аймақтар

Қарағанды облысында жұмыс орнындағы қызметкерлердің жарақат алу деңгейі ең жоғары. 2024 жылы онда 159 адам зардап шекті.

  1. Қарағанды облысы (159 адам);
  2. Шығыс Қазақстан облысы (124 адам);
  3. Алматы (116 адам);
  4. Павлодар облысы (112 адам);
  5. Абай облысы (101 адам);
  6. Қостанай облысы (91 адам).

2024 жылғы статистикаға сәйкес, ең қауіпті жұмыс орны тау-кен металлургия кәсіпорны болып табылады.

Жазатайым оқиғалар тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында 18%-ға, құрылыс саласында 10%-ға, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында 5,6%-ға байқалады.

Жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін ең негізгі себеп – жұмыс өндірісінің жеткіліксіз ұйымдастырылуы. 35,4% жағдайда бұл осы себепті. Содан кейін, 31% жағдайда жәбірленушінің өзінің абайсыздығы зардап шегеді.

Басқа себептер:

  • Жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,2%);
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,6%);
  • Қауіпсіз еңбек техникасын оқытудағы кемшіліктер (5,4%).

Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан мүгедек болған немесе жарақат алған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында бірнеше төлемдер қарастырылған. Мүгедектігі болған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар Республикалық бюджеттен беріледі.

Содан кейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Сондай-ақ, егер жәбірленуші “қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы” заңға сәйкес сақтандырылған болса, сақтандыру компаниясы зиянды өтеу үшін төлемдер жасайды.

Тег: Басты жаңалықтаржұмысжұмыскер

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстанда қанша ресми гид бар?

Қазақстанда қанша ресми гид бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz