ҚР Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов AMANAT партиясында өткен баспасөз мәслихатында Қайрат Сатыбалды 300 млн доллар активтерді қайтарғанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Заңсыз әкетілген активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Өткен жылдан бастап Қазақстанға 857 млрд теңге сомасына активтер қайтарылды.
“Олардың арасында Қайрат Сатыбалды қайтарған қаражат бар. Бұл шамамен 300 миллион доллар”, – дейді Қанат Сүлейменов.
Бұл ретте заңсыз активтерді өз еркімен қайтарған адамдардың тегі жария етілмейді.
2022 жылғы 13 наурызда Антикорда Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы мәлімделді. 2022 жылдың 26 қыркүйегінде ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.