Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“90 күннен кейін күйеуге шығуың керек”: Жанар Айжанова жолдасы қайтыс болғаннан кейін қысым көргенін айтты (видео)

фото: ашық дерреккөз

“90 күннен кейін күйеуге шығуың керек”: Жанар Айжанова жолдасы қайтыс болғаннан кейін қысым көргенін айтты (видео)

17.01.2024
Жаңалықтар
1k
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Халық әншісі, актриса Жанар Айжанова басына түскен ауыр оқиғасын еске алды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Adal adam youtube арнасына сілтеме жасап.

Әншінің алғашқы жолдасы қайтыс болғанда қызы шақалақ күйінде қалған еді.

“Баяғыда бір қызық оқиға болған. Сол кезде қатты қорланып едім. Қазір күліп еске аламын. Жолдасым қайтыс болған уақыт. Қызым қырқынан шығып та үлгермеген. Бір күні үйге ауылдағы өзімнен 4-5 жас кіші жігіт келді. Намаз оқитын молдалықтан хабары бар еді. Өзі сақал өсіріп алған. Онысы 4-5 дана ғана, соны аузына салып отыр. Күйеуімнің қайтыс болғанына жыл да толған жоқ. “Жанар, сен күнәһарсың. Күйеуі өлген әйел 90 күннен кейін күйеуге шығуы керек” деп соғып отыр. Мен қатты қорланып, үйден қуып шықтым. Сонда маған “байға ти” деп ақыл айтуға келген. Дәстүрлі діннен адасқан адамның түрі”, – деп еске алады әнші.

Сондай-ақ ол әріптестерінің арасынан дінге бет бұрып, кейін қалыпты өмірге оралғандарды да жасырмады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

“Атын айтпай-ақ қояйын, бір танымал әншімен көрші тұрдық. Күн сайын үйге діни кітаптарды әкеле берді. Бір күні ренжісе де, “айналайын, маған дініңді тықпаламай-ақ қой, өз дініме адалмын. Сен ұстанатын дін жолыңмен жүре бер” деп айттым. Дауысы керемет әнші болғанымен, дінге кетіп қалды. Бірақ кейін діннің табынушысы болып кеткенін түсініп, өнерге бет бұра бастады. Өнерде жүрген мұндай әріптесім көп. Қайбір жылы республикаға гастрольге шықтық. Бізді әр қаланың арасына автобуспен алып жүрді. Сол кезде де бір танымал әншіміз ақ матаға Құранды орап алып, оқып жүрді. Арасында бізге уағыз да айтып қояды. Ұстанатын дініңді әркімге тықпалау дұрыс емес”, – деп түсіндіреді өнер иесі.

Тег: Жанар Айжановакүйеуішоу бизнес

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
“Күнін әрең көріп отырғандарға салық салғыларыңыз келеді”: Депутат мобильді аударымдарды жайына қалдыруды сұрады

"Күнін әрең көріп отырғандарға салық салғыларыңыз келеді": Депутат мобильді аударымдарды жайына қалдыруды сұрады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz