Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Айрықша цинизммен ерекшеленетін ұятсыз әрекеттер”: ІІМ үндеу жасады

фото: ашық дереккөз

“Айрықша цинизммен ерекшеленетін ұятсыз әрекеттер”: ІІМ үндеу жасады

14.12.2023
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Кейінгі уақытта ІІМ вандализм, бұзақылық, бөтеннің мүлкін бұзу актілері жиілегенін айтты. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды заңды бұзбауға шақырды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

“Қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не айрықша цинизммен ерекшеленетін ұятсыз әрекеттер жасаумен ұштасатын қоғамдық тәртіпті аса өрескел бұзу Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын және 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейтінін еске саламын”, – делінген үндеуде.

Ведомство өкілдерінің айтуы бойынша, бұл деректерді ішкі істер органдары назарға алып, қылмыстық істерді тіркеу мен сотқа дейінгі тергеуді жүргізуін қамтамасыз етеді.

Мәселен, биыл аталған бап бойынша шамамен 1,5 мың қылмыстық іс тіркелген. Кінәлі адамдар заңда бекітілген жауапкершілікке тартылған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

“Қылмыстық және әкімшілік заңнамамен бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны және бұзғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Салдарынан елеулі залал келтірілген бөтеннің мүлкі жойылған немесе бүлінген жағдайда (шығын сомасы айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есеге асатын болса) кінәлі адамдар Қылмыстық кодекстің 202-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тартылады, сондай-ақ оларды тіпті 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған”, – деп жазылған ведомство баспасөз қызметі хабарламасында.

Аталмыш әрекеттерде Қылмыстық кодекс бойынша жазаланатын іс-әрекеттердің белгілері болмаған жағдайда кінәлі адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады, бұл бап бойынша адам 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, ал қылмыс қайталанса, 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

2023 жылы бұл бап бойынша 1700 астам әкімшілік іс қозғалды, 193 адам түрлі мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

“Сондықтан азаматтарды заңды және тәртіпті сақтауға шақырамыз, вандалимзнің, бұзақылықтың, бөтеннің мүлкін бұзудың барлық деректері туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауды сұраймыз”, – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Тег: ІІМқылмысполиция

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Жаңа жылда қазақстандықтарға қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

Жаңа жылда қазақстандықтарға қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz