Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ақын Мыңбай Рәш дүниеден озды

фото: egemen.kz

Ақын Мыңбай Рәш дүниеден озды

25.12.2023
Жаңалықтар
158
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ақын, сатирик Мыңбай Рәш дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы Telegram арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

“Кешеден бері Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы абыз ақсақалды соңғы сапарға шығарып салу мәселесімен айналысып жатыр. Жаназасы, асы қайда, қашан өтетінін қосымша хабарлаймыз. Ақын Мыңбай Рәш ағамыздың топырағы торқа, жаны жәннатта болсын”, – деп көңіл айтты одақтағылар.

Мыңбай Рәш – ақын, сатирик, әдебиеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Ол 1930 жылы 19 қазанда Семей облысы, Шұбартау ауданының 10-ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген соң “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде, “Ара – Шмель” журналдарында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде, “Ғылым” баспасы мен “Қазақстан” баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып еңбек еткен.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Алғаш өлеңдер жинағы 1955 жылы “Алғашқы борозда” деген атпен жарық көрді.

Қаламгердің жиырмадан астам өлеңдер жинағы мен сатиралары кітап болып шыққан. Мыңбай Рәш көбінесе сатира жанрында еңбек етіп, сықақтары мен фельетондары, мысалдары көршілес, туысқан халықтар тілдеріне аударылған.

Тег: қайтыс болдыМыңбай Рәш

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
13 млн теңгені жымқырған балабақша басшысы ұсталды

13 млн теңгені жымқырған балабақша басшысы ұсталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz