Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда Б.Момышұлы атындағы әскери мектебінде дау туды

фото: ашық дереккөз

Алматыда Б.Момышұлы атындағы әскери мектебінде дау туды

19.01.2024
Жаңалықтар
300
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектебінде дау туды. Қорғаныс министрлігі мекемеге колледж дәрежесін беру туралы шешім қабылдап, бұған дейін оқуға түскен 163 студентке қарапайым мектептерге оралуды ұсынған. Бұл мәлімдемені естіген ата-аналар наразылығын білдіруде, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Шағым білдірген ата-аналардың балалары сарбаз болуды армандайды. Бірақ аңсағандары болмай қалу қаупі бар. Өйткені Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп колледж болады.

“Біз өте қатал іріктеу кезеңінен өттік, балалар физикалық және академиялық, пәндер бойынша дайындалды. Балалар бірінші карантинде 40 күн өмір сүрді, біз – ата-аналар, оларды көрмедік. Балаларға бұл өте қиын болды. Енді балалар үйреніп, өзін үйдегідей сезінген кезде қайтадан мектептерге жіберіліп жатыр. Біз олардың әскери мектептен кейін азаматтық мектепте өзін қалай сезінетінін білмейміз”, – дейді ата-аналардың бірі Татьяна Ким.

Тағы бір ата-ана Күлән Сердешованың айтуынша, ұлы осында оқығысы келетінін, болашақта отанын қорғағысы келетінін айтқан.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Қанша жыл бойы барын салды, спорпен шұғылданды. Ал енді бізді тарқатып жатыр. Бұл оның үлкен арманы еді, енді оның күл-талқаны шығып жатыр. Оларға оқуын аяқтауға мүмкіндік беріңіз, өтінемін”, – дейді ол.

Әкімшілік ата-аналардың шағымын түсінбейді. Олар құжаттарды қабылдау кезеңінде де колледж мәртебесін алу мүмкіндігі туралы ескертілгенін айтып отыр.

“Құжаттарды қабылдайтын күндері біз тағы бес күн жүрдік. Өзім шығып, бұл туралы ата-аналарға хабардар еттім. Жобада 2024 жылы мектеп әскери колледжге айналады. Бұл туралы барлық ата-анаға жазбаша түрде ескертілді”, – деп түсіндірді республикалық “Жас Ұлан” мектебінің жетекшісі Нұрлыхан Ерекешов.

Бұл жағдайға қорғаныс министрлігі де түсініктеме берді.

“Жас Ұлан” үш республикалық мектебін әскери колледжге айналдыру жоспарланып отыр. Қазір Алматы және Қарағанды ​​қалаларындағы республикалық мектепте 10-11-сынып оқушылары оқиды. Олар оқуын аяқтауына жағдай жасап отырмыз”, – дейді ҚР Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары Талғат Қалышев.

Яғни бұл екі оқу ордасы келесі оқу жылынан бастап мектеп оқушыларын қабылдамайды. Екі мектеп те колледж мәртебесін алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін “Ұлттық қор — балаларға” жобасына байланысты шу шыққан еді. Жауаптылар 18-ге толмаған балалардың дерегін eGov-тағы базадан бір тексеріп қою туралы құлаққағыс жасаған. Дәл осы деректер қорына кіру барысында біраз жанжал басталды. Өз баласының орнына өзге біреудің тіркелгенін көріп таңғалғандар аз емес. Әсіресе қазақстандықтар жеке сәйкестендіру нөмірінің оңды-солды интернетті кезіп жүргеніне наразы.

Тег: әскери мектепБ.МомышұлыКолледж

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
“Анамның қарғысы”: Сәкен Майғазиев ата-аналарға өтініш айтты

"Анамның қарғысы": Сәкен Майғазиев ата-аналарға өтініш айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz