Алматы қаласында 6-сынып оқушысын дене шынықтыру сабағында мұғалімі ұрып-соққан, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Оқушы өзінің әлеуметтік желісінде оның қабырғалары мен іші қатты ауырғанын айтты.
“Ол мені қабырғамнан ұрды. Міне, төртінші күн болды. Әлі барлық қабырғам, ішім ауырып жатыр. Ол мені ұрған кезде, әлдебіреуге айтатын болсаң, “шапалақ” беремін деді. Бұдан бөлек, ол сыныптастарыма қиянат көрсетеді. Формамызды алып кетпесек, қолымызды қайырып, қорқытады. Қазір мектепке баруға қорқамын. Бара қалған жағдайда маған зияны тиіп кете ме деп ойлаймын”, – деп айтты оқушы.
Астана телеарнасында полицейлер тексеру басталғаны туралы хабарлады.
“Алматы қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша Алатау ауданының ПБ тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады”, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болғанын хабарланған едік.