Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ұлттық қор бағдарламасы бойынша қанша балаға ақша түседі?

фото: ашық дереккөз

Ұлттық қор бағдарламасы бойынша қанша балаға ақша түседі?

16.01.2024
Жаңалықтар
71
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасына қатысушылардың тізімін жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Екі аптадан кейін Қазақстанда кәмелетке толмағандардың арнайы шоттарына ұлттық қордан төлемдер түсе бастайды. БЖЗҚ жобасының операторы қатысушылардың тізімін жасап қойған. Биыл қаңтарда 18 жасқа толғандарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады.

“Биыл 18 жасқа толып кеткендер әлі де жоба қатысушысы болып саналады және бір төлем алады, яғни мұнда 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 18 жасқа толмағандардың барлығына берілуге тиіс. Бұл жобаға барлық бала қатыса алады”, – деді қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу департаментінің директоры Айбол Арғынғазиев.

Бұған қоса қаржы министрлігі жобаға қандас балалардың да қатыса алатынын айтты. Ол үшін Қазақстан азаматтығын алуы керек. Көп ата-ананы қанша қаржы бөлінетіні толғандырады. 2024 жылғылар ғана шамамен 3,5 мың доллар (1 миллион 580 мың теңге) алады. Алдағы уақытта төлемдердің көлемі ұлттық қордың табысына байланысты болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Президенттің ұлттық қорды 100 миллиард теңгеге дейін өсіру туралы тапсырмасы есіңізде ме? Бірақ кірістің барлығы дерлік алынып, шығынымыз бюджетке түсіп жатса, ол қалай өседі?”, – деді қаржы сарапшысы Арман Басембаев.

Ұлттық қордан түсетін трансферттерді азайту керек дейді мамандар. Жоба аясында қаражатты білім алуға немесе тұрмыс жағдайын жақсартуға пайдалануға болады. Алғашқы төлемдер 1 ақпанда төленеді. Сонымен қатар ата-аналарға балаларының деректерін egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетіне дербес тексеріп, енгізу ұсынылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін “Ұлттық қор — балаларға” жобасына байланысты шу шыққанын хабарлаған едік.

Тег: ақшабалаларҰлттық қор

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
“Қызымдай болшы деп айтуға қорқамын”: продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтты

"Қызымдай болшы деп айтуға қорқамын": продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz