Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда қоқыс жәшігіне қандай қалдықтарды салуға болмайды?

фото: pixabay.com

Алматыда қоқыс жәшігіне қандай қалдықтарды салуға болмайды?

18.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда ескі жиһаздар мен құрылыс қалдықтарын қоқыс алаңдарында қалдыруға тыйым салынады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәлімдеуінше, қазір қалада контейнерлік алаңдардың іргелес аумақтарында ірі көлемді қоқыстарды жинау өзекті мәселеге айналды. Тұрғындар ескі жиҺазды, істен шыққан тұрмыстық техниканы, сантехникалық бұйымдарды қалдыруды әдетке айналдырған.

«Айта кету керек қоқыс жинайтын машиналар үлкен көлемдегі қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығара алмайды, өйткені бұл техниканың нығыздау аппаратын істен шығаруы мүмкін.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

«Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережелеріне» сәйкес ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздері немесе қоқыс шығаратын кәсіпорындар жүргізеді», – деп атап өтті әкімдіктен.

Үйде жөндеу жұмыстарын жүргізетін тұрғындар, сондай-ақ ірі көлемді қоқыстар пайда болған кезде мамандандырылған ұйымдарға хабарласып, ақылы техниканы шақыруы немесе қалдықтарды полигонға өз бетінше шығаруы тиіс.

Полигондар Алматы облысында, Іле ауданында және Қарасай ауданында Айтей ауылында орналасқан.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзу жеке тұлғаларға – жиырма АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жиырма АЕК мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкелетінін ескерген жөн.

Алматы Полиция департаментінің ақпараты бойынша, осы бапқа қатысты қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны, инфрақұрылым объектілерін және жасыл желектерді қиратқаны әрі бүлдіргені үшін 2024 жылдың 6 айында 11 577 бұзушылық тіркеліп, 32 749 200 теңгеге айыппұл салынды.

Тег: алматықоқыс жәшігі

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Халық құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне сене ме?

Халық құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне сене ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz