Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыдағы жол апаты: жүргізуші әйел үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

Алматыдағы жол апаты: жүргізуші әйел үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

09.01.2024
Жаңа Қазақстан, Жаңалықтар
286
👁️
WhatsappTelegramFacebook

22 желтоқсанда Алматыда автобус жүргізушісін қылқындырған қаскөйдің кесірінен ірі апат болып, үш адам қаза тапқанын жазған едік. Бүгін әлеуметтік желіде автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды  kaskelen.kz ақпараттық порталы.

Жүргізуші әйелдің сұхбаты әлеуметтік желіде тарады. Сұхбатта жүргізуші өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

“Мен қаза тапқан адамдардың отбасына көңіл айтамын. Менің ешқандай арам ойым болған жоқ. Жауыма да мұны тілемес едім. Мен өзімді кінәлі деп есептемеймін. Өйткені жолаушы мені талып қалғанша соққыға жығады деп ойламаппын.  Ауруханада жатқан кезде екі тергеуші келді. Екеуі де менің кінәмнің жоқ екенін айтқан болатын. Ауруханадан шыққаннан кейін менің үстімнен ауыр бап бойынша іс қозғалғанын біліп отырмын. Мен жалдамалы пәтерде тұрамын, екі балам бар. Еңбектеніп жүрген қарапайым адаммын. Ешқашан сөгіс естіп көрмегенмін. Егер маған соққы жасалмаса, бұлай болмас еді. Әділ шешім шығады деп үміттенемін. Бәрі маған неге жолаушымен тартыстың деп айтып жатыр. Мен онымен тартыспадым, тіпті көп сөйлескен де жоқпын. Оған қараған да жоқпын, жолға қарап бара жатқанмын. Автобусыма күніне мыңдаған адам кіріп, шығады. Тура сол кезде аса қауіпті көпірден өтіп жатқанмын. Ес жиғанда автобус көпірден құлап кетті деп ойладым. Мен ауруханада ғана не жағдай болғанын білдім”, – дейді автобус жүргізушісі.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Жүргізуші әйел енді қашан көлік тізгініне отыратынын білмейтінін айтады.

“Бізде барлығы автоматтандырылған. Камералар бар. Диспетчер барлығын онлайн түрде бақылап отырады. Сондықтан аялдамаға жетпей жатып, жолаушыны түсірмек болды деген нұсқа тіпті қарастырылмауы керек. Қашан қайтадан рөлге отыратыным белгісіз. Әлі күнге дейін бет сүйектерім ауырады. Тамақ та шайнай алмаймын, қорқыныш пайда болды. Тыныш ұйықтай алмаймын”, – дейді жүргізуші.

Жүргізуші әйел өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқанымен, Алматы полициясы бұл деректі жоққа шығарды. Полицияның мәліметінше, автобус жүргізушісі адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде тергеуге шақырылған.

“Автобустың қағуы салдарынан үш азаматтың қаза болуына байланысты Алматы полиция департаменті “абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету қағидаларын бұзу” және “бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл істер бойынша автобус жүргізушісі жәбірленуші ретінде танылды. Бұл жағдайда тергеу органы жүргізушіні жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерген жоқ, ол куәгер ретінде тергелді”, – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу және сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша іске қатысты процессуалдық шешім қабылданады.

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
“Бөлек тұру деген әңгіме қозғалмайды”: әнші Салтанат Бақаева отбасы туралы шындықты айтты

"Бөлек тұру деген әңгіме қозғалмайды": әнші Салтанат Бақаева отбасы туралы шындықты айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz