Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Алып кетіңіздерші”: Әли Оқапов алған марапаттарын қайтармағанын айтты

фото: Instagram/aliokapov

“Алып кетіңіздерші”: Әли Оқапов алған марапаттарын қайтармағанын айтты

31.01.2024
Жаңалықтар
129
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал әнші, композитор Әли Оқапов атақ аламын деп басы дауға қалған еді. Әртіс қазіргі жағдайы жайлы айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Таңшолпан” бағдарламасына сілтеме жасап.

Әнші “Құрмет” орденінің иегері атанып, кейін өнердегі барлық марапатынан бас тартқан еді.

“Былтыр орден алғаным үлкен дауға ұласқанын білесіздер. Негізі, сондай марапатқа лайық болғаныма қатты қуанғанмын. Еңбектің бағаланғаны дұрыс. Дегенмен, әлеуметтік желіде үлкен айқай-шуға айналды. Сол кезде өзімді қатты ыңғайсыз сезіндім. Анам ес білгелі “халықтан үлкен емессің, бірінші орында халық” деп санамызға құйып өсірді. Өнер адамы болғасын халықпен тікелей жұмыс істейсің. Қазақстандықтардың пікіріне бағынып, марапаттан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірақ заң бойынша әртіс мемлекеттік сыйлықтан бас тарта алмайды екен. Егер бас тартса, марапат иесінің жағымсыз әрекеті үшін қайтарылды деп айтылады екен. Сондықтан мен заңға бағындым. Маған сенім артып, менің өнеріме жанашыр болып жатқан тыңдарман қауымды құрметтеймін. Қазір барлық атақ-марапатым өзімде қалды”, – дейді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі осы күнге дейін алған статуэтка мен марапаттарын жинап, тиісті бағдарлама өкілдерінен алып кетуді өтінген еді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Сол күні барлық марапаттарымды қайтарып беру туралы шешімге келдім. Бірақ олар әлі күнге дейін үйімде жатыр. Өйткені бағдарламаның дені жабылып қалған. Қайтарып беретін өкілдері түрлі салаға кетіп қалған. Мен негізі алып кетіңіздерші деп ұсындым. Бірақ оны ешкім алғысы келмеді. Бұл өмір ғой, бәріне бірдей ұнау мүмкін емес және ол керек те емес”, – дейді сазгер.

Еске сала кетейік, қоғам белсендісі Тәңірберген Бердіоңғаров “Құрмет” орденін кім көрінгенге таратып жатыр деп билікті айыптағанын жазған едік.

Тег: Әли Оқаповқұрмет орденімарапаттамашоу бизнес

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Зейнеткерлерді алаяқтан қалай қорғауға болады?

Зейнеткерлерді алаяқтан қалай қорғауға болады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz