Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Арал теңізінің қазіргі жағдайы қалай?

фото: sudohodstvo.org

Арал теңізінің қазіргі жағдайы қалай?

01.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
337
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Су ресурстары және ирригация министрі Солтүстік Аралды қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне дайындық бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының кеңсесінде өткен кездесуге ХАҚҚ сарапшылары мен жобаны әзірлеуші мамандар қатысты.

Министр жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысы және Солтүстік Арал теңізіндегі су ресурстарын ұлғайту және тұрақтандыру жұмысымен танысты.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Жоба үш негізгі бағыттан тұрады

Бірінші бағыт теңізде және оған жақын аймақта балық аулау мен су ортасының жағдайын жақсартуды, сонымен қатар Сырдария өзенінің атырабындағы сулы-батпақты жерлерді тұрақтандыруды көздейді.

Су инфрақұрылымы жетілдіріліп, Солтүстік Арал мен Сырдария атырабындағы гидрологиялық жағдайы жақсарады.

Екінші бағыт — Қызылорда облысында балық шаруашылығын, мал шаруашылығын, туризмді және орман отырғызуды дамыту арқылы орнықты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдау.

Үшінші бағытта Арал-Сырдария бассейнінде су ресурстарын басқару жүйесі жақсарады деп күтіліп отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша министр ТЭН-ді мерзімінен кешіктірмей әзірлеу жөнінде бірқатар ұсыныс айтты, сондай-ақ Арал аймағында жобаға қатысты қоғамдық тыңдау өткізуді тапсырды.

«Әзірленіп жатқан жоба — Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау жөніндегі ауқымды жобаның жалғасы. Ол 2002-2010 жылдар аралығында іске асып, бүкіл Арал өңіріне оң әсерін тигізді. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың басынан бастап Солтүстік Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді.

Тег: Арал теңізі

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Жұмыс істемейтін, алимент төлемейтін, мүлкі жоқ борышкерлердің мәселесі қалай шешілмек?

Жұмыс істемейтін, алимент төлемейтін, мүлкі жоқ борышкерлердің мәселесі қалай шешілмек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz