Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Самат Әбішке қатысты қозғалған іс сотқа жіберілді

Арыстанбек Мұхамедиұлына тағы да бір жаңа айып тағылды

20.02.2024
Жаңалықтар
87
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бұрынғы мәдениет  және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы “Дипломат” қонақ үйі ісіне қатысы бар деп айыпталып отыр, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Сот процесі кезінде мемлекеттік айыптаушы атап өткендей, Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі жауапты лауазымын атқарған кезде мемлекеттік қызметте ауқымды байланыстарға ие бола отырып, мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бөлінген қаражатты ысырап еткен. Бұған қоса белгілі бір топпен сөз байласып, қазақстандық мәдени мұраны танымал етуді зерделеуге және мұрағат ісін іске асырудың тиімділігін арттыруға бөлінген қаржыны талан-таражға салған.

Осылайша, ол сыбайластарымен мәміле жасасқан. Оның 309 миллион теңгеден астам сомаға ұлттық цифрлық киноколлекция құру туралы бұйрығы шығысқа енгізілген.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Прокурор айыптау актісінде Арыстанбек Мұхамедиұлы цифрландыру шығындарын қысқарту үшін “Қазақфильм” қызметкерлерін дайындық жұмыстарын орындауға тартқанын атап өтті.

Нәтижесінде, прокурор экс-министрдің сыбайластырымен алдын ала сөз байласуы бойынша 196 миллион теңге сомасына залал келтіргенін айтты. Соның ішінде орындалмаған жұмыстар сомасы 167 миллион теңгені құраған.

“Арыстанбек Мұхамедиұлы аффилиирленген компаниялар арқылы нақты қызмет көрсетусіз қаражатты жымқырған және оларды өз бетінше басқарды”, – деп түсіндірді мемлекеттік айыптаушы.

Нәтижесінде бұрынғы министрге “Қылмысты ұйымдастырушы” және “Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру” бабы бойынша айып тағылды.

“Мұхамедиұлы өзінің өкілеті мен беделі бар екенін түсінді, бұл оларға баюға және қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік береді. Мұхамедиұлы алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында ұйымдастырушы болып, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру аясында жыл сайын “Алтын адам” көрмелерін өткізуге бюджет қаражатын алуға мүмкіндік бар екенін түсініп, бюджет қаражатын ұрлауға арналған өзінің қылмыстық жоспарын іске асыруды жалғастырды.

Ол президент әкімшілігіне 2017-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспарын, соның ішінде “Алтын адамның әлем мұражайларына шеруі” халықаралық көрмелерін жіберуді тапсырды. 2018 жылы Қытайға, Моңғолияға, Оңтүстік Кореяға, Үндістанға, Грузияға, 2019 жылы – Ресейге, Түркияға, Түрікменстанға, Израильге, Әзербайжанға және Жапонияға”, – деді прокурор Хайруллаев.

Мемлекеттік айыптаушы тараптың айтуы бойынша, Мұхамедиұлы қызметтік бабын пайдалана отырып, көрсетілген қызмет құнын арттыра отырып, 2018 жылға арналған “Алтын адам” көрме жобасын іске асыруға 1 миллиард теңгеге шығын сметасын жасауға бұйрық берген.

“Осылайша, көрмелерді өткізуге көрсетілген сметалар, шығыстар, құрал-жабдықтар мен жәдігерлерді сақтандыру бойынша жоғарылатылған шығындар негізінде 1 миллиард 803 миллион 673 мың теңге бюджет қаражаты бөлінді”, – деді прокурор.

Экс-министрді ақша жымқырды деген айыптау үкімі сағат 10.00-ден бастап оқылып, төрт сағат бойы жалғасқан. Осы эпизод бойынша Мұхамедиұлына ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі және 189-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астанадағы Қазақстан Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастағаны туралы ақпарат таратты. Мұражай басшылығы “әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі” көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Тег: Арыстанбек Мұхамедиұлыжымқыруқылмыссотсыбайлас жемқорлық

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
“Өлген баланы босана алмай 10 күн жүрдім”: Баян Алагөзова алғашқы жүктілігі жайлы айтты

"Өлген баланы босана алмай 10 күн жүрдім": Баян Алагөзова алғашқы жүктілігі жайлы айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz