Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Астанада БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелерге қатысты семинар-тренинг өтті

фото: ашық дереккөз

Астанада БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелерге қатысты семинар-тренинг өтті

09.10.2023
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

4 қазан күні Астана қаласына Түркиядан Анталья журналистер одағының төрағасы Идрис Таш бастаған арнайы делегация келді. Түркітілдес журналистер қоры шетелдік меймандарды әуежайдан күтіп алды. 4-7 қазан арасында болатын жобада ресми кездесулер, Астанаға пресс тур мен экскурсия ұйымдастыру жоспарланған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде 2023 ж. 5 қазан күні Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада БАҚ өкілдерінің басқосуы мен «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.

Делегация құрамында «ТРТ» телеарнасының Анталья филиалы басшысы Мухаммед Ахмет Өджал, «Аkdeniz manşet» және «Іleri» газеттерінің қожайыны Мехмет Шифа Чичек, , «ТРТ» телеарнасының продюсері  Хайреддин Дениз, «Анадолы агенттігі» тілшісі Сүлейман Эльчин, «Hürses» газетінің қожайыны Эрсин Айдын, «Кemer sözcü» газетінің қожайыны Ахмет Дуран Йенигүн,  Акдениз университеті журналистика факультеті деканының орынбасары Ышык Түнчел бар.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Қор жанынан құрылған Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, Түркиядағы Акдениз университеті Журналистика факультетінің аға оқытушысы Ышыл Түнчел «Дата журналистика» туралы тәжірибесімен бөлісті.

Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, кәсіби журналист, IT саласының маманы Мейіржан Әуелханұлы «Журналистикадағы жасанды интеллект» туралы тәжірибесімен бөлісті. Жасанды интеллект арқылы қалай контент жасап үйренуді түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсетті.

Анталия журналистер одағы делегациясы іскерлік сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры»,  «Қазақстан» РТРК» АҚ-да  арнайы кездесу ұйымдастырып, отандық телеарнаның жұмысымен танысты. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне арнайы барды. Түркия TRT телеарнасының Қазақстандағы филиалының жұмысымен танысты.

Бірнеше күнге жалғасқан сапар аясында шетелдік меймандардың Еуразия Ұлттық университеті Журналистика факультетінің студенттерімен кездесуі жоспарланған.

Тег: АстанаБАҚсеминар-тренингТүркия

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Елордамызда отандастар форумын өткізу жоспарлануда

Елордамызда отандастар форумын өткізу жоспарлануда

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz