Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Астанада кәсіпкер жалақысын талап еткен жұмысшылардан қашып кеткен

фото: Видеодан үзінді: КТК телеарнасы

Астанада кәсіпкер жалақысын талап еткен жұмысшылардан қашып кеткен

06.01.2024
Жаңалықтар
277
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Астанадағы тұрғын үй кешені мен зәулім ғимаратқа терезе салған жұмысшылар жалақысын талап етуде. Олардың айтуынша, мердігер компания еңбекақы беруден жалтарып, түрлі сылтаумен кейінге шегеріп келеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сол жағалаудағы 19 қабатты бизнес орталығы 90 пайыз шыныдан тұрады. 30 шақты жұмысшы бұл ғимаратқа үш-төрт айдың ішінде өте сапалы терезе салған. Нысан 2020 жылы пайдалануға берілгенімен, терін төгіп еңбектенген жандар әлі ақысын ала алмай келеді.

“Премиум” санатындағы тұрғын үй кешеніндегі терезені жұмысшылар 2019 бен 2021 жылы салған. 12 қабатты үйде жұмыс жүргізген азаматтарға мекеме басшысы жеке өтініші бойынша алдын ала жалақының бір бөлігін беріп тұрған. Ал ай сайынғы толық жалақыны терезе орнатушылар мүлде алмаған көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Шыдамы таусылғандар жауапты мердігерге кеше кезекті рет барып көрді. Бірақ басшылық көлігіне отырып қашуға әрекеттенді. Ал оны тоқтатуға тырысқан жұмысшыны қағып кетті.

“Тоқтаңыздар, сөйлесейік” деп едік, тоқтамады. Сонымен мына жерге келіп тұр едім, машинасымен қағып, мені 200 метрге дейін сүйретіп апарды. Тоқтаған да жоқ, өзім жібердім. Аяғымды басып кетті. Шағым жазам, полицияға шағымданам. Дәрігерге аяғымды көрсетем. Директорларының бірі — Ербол Кизатович”, – дейді жұмысшы Рауан Өмірханов.

Қашып үлгермеген екінші көліктің иесі жасырынып, үнсіз қалды. Қол астындағы жұмысшысымен камерасыз сөйлесемін деп әрі кеткенімен, ақыры бір байламға келмеген.

Нәтижесінде жұмысшылар бұл жерге бірнеше мәрте келгенін айтады. Алайда еш нәтиже жоқ.

“Келісімшарт жоқ, ауызша келіскенбіз. Келісімшарт болғанда бұлардың өзі қосалқы мердігер ғой. “Ткач” ЖК. Келісімшартсыз істей берейік деді. Сотқа жүгінгенде қолымызда еш құжат болған жоқ. Бұлар соны жақсы пайдаланды. Енді қазір үлкен бастығы сағат 5-те келіңдер, шешеміз деп айтты”, – деді бригадир Арман Рахманов.

“2019 жылы “ТКАЧ ИЛЬИЧ” ЖК-імен бізде шарт болған. Біз сол бойынша барлық жұмысты қабылдадық. Атқарылған жұмыстар бойынша ақша түгел төленді. Қазір біз қарыз емеспіз. Қарыз жоқ екенін дәлелдейтін де қағаздаррымыз бар. Екі жақпен қол қойылған, атқарылған жұмыс актісі бар. “Ткач” жеке кәсіпкерлігіне ақша толық төленді”, – деді “Астана-мегаполис” ЖШС директорының орынбасары Қуаныш Көкімбаев.

Жауап беруден жалтарған қос серіктес сол күйі жауап бермеген.

Айта кетейік, мердігердің жұмысшыларға берешегі 30 миллион теңгеден асады. Қарыздан-қарызға батып шарасыз күйде жүрген азаматтар енді кімге шағынарын білмей дал.

Тег: жалақыкәсіпкерқылмыс

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Оралда газ-ауа қоспасының дүмпуінен дәмхана жарылды (видео)

Оралдағы жарылыс: Кафені жалға алушы ұсталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz