Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ауылдарда медициналық көмек сапасы жақсарды ма?

фото: pixabay.com

Ауылдарда медициналық көмек сапасы жақсарды ма?

08.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Денсаулық сақтау министрлігі аудандық деңгейдегі медицина сапасын жақсартуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қазіргі уақытта ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жалғасып келеді. Ұлттық жобада жетіспейтін дәрігерлік амбулаторияларды, фельдшерлік-акушерлік пункттерді (ФАП), мүлдем болмаған немесе елді мекендерде ескірген нысандардың орнына медициналық пункттер салу қарастырылған. Бұл тұрғыда 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) объектісінің құрылысы қарастырылған, оның ішінде 460 объектінің құрылысы аяқталды. Соның арасында 99 нысан 2023 жылы және 361 нысан 2024 жылы аяқталды. 2025 жылы ауылдық жерлерде қалған 195 МСАК объектісінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ауылдық объектілерді салу кезінде алғаш рет жобалауға біріздендірілген тәсіл қолданылады, яғни оларда амбулаториялық оңалту кабинеттері, телемедицина, дәріхана пункттері, күндізгі стационарлар қарастырылған. Бұл ретте, жабдықпен жарақтандыру, сыртқы әрлеу, сәулеттік келбеті және басқа да параметрлер ескеріледі. Барлық МСАК объектілерінде облыстық және республикалық клиникалардың жетекші дәрігерлерімен телемедициналық консультациялар ұйымдастыру үшін компьютерлік және медициналық техника көзделген. Ұлттық жоба аясында ауылдық медициналық мекемелерді заманауи жабдықтармен, соның ішінде диагностикалауға арналған аппараттармен, зертханалық құрылғылармен, сондай-ақ телемедицинаға арналған жүйелермен жабдықтау және жаңарту іске асырылып жатыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарға ауылдан тыс жерге шықпай, сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, білікті және шұғыл медициналық көмектің сапасы проблемасын шешу үшін Ұлттық жобаның екінші міндеті аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

– 2023 жылдан бастап Ұлттық жоба аясында 16 аудандық аурухананы жарақтандыру үшін 1800 медициналық техника сатып алынды. 2025 жылы 14 аудандық аурухананы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді жалғастыру жоспарланып отыр, олар – ангиографтар, МРТ, КТ. Жалпы, бүгінгі таңда ауыл халқы медициналық көмекті алуын жақсарту бойынша шаралар қабылданды. 2024 жылдың қорытындысында ауылдың стационарларында 960 мың пациент емделіп, 45 млн-нан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Ауылды жерлердің тұрғындарына медициналық оңалту бойынша 665 мың қызмет көрсетілді, – деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Сондай-ақ, шалғайдағы станцияларда тұратын тұрғындарға медициналық көмекті арттыру үшін жыл сайын «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылып келеді. 2024 жылы медициналық пойыз Қазақстанның 17 облысының 128 станциясын қамтыды. Ауыл халқының 104 мыңнан астам азаматы тексерілді, оның ішінде 20 552 бала бар. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.

– 2024 жылы жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) автокөлігі 3271 ауылды елді мекенге шықты. 1,2 млн ауыл тұрғыны ЖМК-да медициналық көмек алды. ЖМК арқылы 656 мың диагностикалық зерттеу, бейінді мамандардың 1,2 млн консультациясы, 332,8 мың зертханалық зерттеу жүргізілді. Ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана пункті және 694 жеке меншік дәріхана, сондай-ақ 2 жылжымалы дәріхана пункті ашылды, – делінген ведомство ақпаратында.

 

Тег: ауылМедицинасапа

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Елімізде қанша акушер еңбек етеді?

Елімізде қанша акушер еңбек етеді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz