Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Аягөздегі трагедия: өрт шыққан үйден қомақты қаржы жоғалған

фото: ашық дереккөз

Аягөздегі трагедия: өрт шыққан үйден қомақты қаржы жоғалған

04.11.2023
Жаңалықтар
209
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Аягөздегі трагедияға қатысты жаңа деректер пайда болды. Нақтыласақ, қара жамылған үйден миллион теңге шамасында қаржы жоғалған. Бұл туралы журналист Нұртай Лахан әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Аягөздегі тұрғын үйлердің бірінде бірнеше апта бұрын өрт шығып, бір отбасының төрт баласы қайтыс болған. Қайғылы оқиға көптің қабырғасын қайыстырған еді.

Онсыз да қайғыдан көз аша алмай отырған әке-шеше тағы да қиын жағдайға тап болды.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

“Азаттық” журналисінің айтуынша, үй иелері екінші баласының көзіне ота жасату үшін тірнектеп 900 мың теңге көлемінде қаражат жинаған. Алайда тілсіз жау кезінде оны көмекке келгендердің бірі қолды қылған көрінеді.

Жазбадағы мәліметке сәйкес, үй иелері ақшаның жоғалғаннан кейін полицейлерге күдікпен қарайды. Себебі олар үйді тінту кезінде ешкімді ішке кіргізбеген көрінеді.

“Иә, өрт болған кезде ұрланған дейді. Үйге полиция ешкімді, адамдарды кіргізбей қойды дейді. Қыстық куртқа шкаф ішінде тұрған. Кеуде қалтасынан ақшаны алып, куртканы төсектің үстіне лақтырып кеткен. Полициядан көріп отыр олар. “Басқа ешкім алған жоқ”. Полиция ішке адамдарды кіргізбей қойған дейді. Сырттан бөтен ешкім, үй иелері де кірмеген”, – деп жазды Нұртай Лахан.

Ақпаратқа сүйенсек, төрт бірдей баласын жер қайнауы тапсырған отбасы отағасының айлығы –  80 мың теңге. Ал отанасы болса байлап отырған екі сиырды сауып, сүтті базарға 1500-2000 теңгеден сатқан.

Осылайша бірді-бірге жалғап, күндерін көріп қана қоймай, отаға деп қаражат да жинаған. Енді келіп қомақты қаржыдан да қағылды.

Тег: АягөзҚылмыскерөртұрлық

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Бұрынғы жігітінің шабуылы: дәрігерлер қыздың жағдайы туралы айтты

Бұрынғы жігітінің шабуылы: дәрігерлер қыздың жағдайы туралы айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz