Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Балалары пенсиясын тартып алған”: Қарасай ауданында көршілері зейнеткердің жан-айқайын жеткізді (видео)

“Балалары пенсиясын тартып алған”: Қарасай ауданында көршілері зейнеткердің жан-айқайын жеткізді (видео)

31.10.2023
Жаңалықтар
316
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Редакциямызға Қарасай аудаынан қарасты Жібек жолы ауылының тұрғындары көршілеріне көмек сұрап хабарласты. Айтуларынша, балалары болса зейнетақысын алуға ғана келетін көрінеді, деп жазады kaskelen.kz тілшісі.

Тұрғындар жіберген видеодағы апа мен ата жалғыз қараусыз калған. Балалары болса іздемейтін көрінеді.

“Бір ұл, бір қызы бар, тек келіп пенсияларын алып кетеді екен. Сұмдық жағдайлары, ата хал үстінде жатыр. Балаларынан бас тарту туралы қағазын жаздырып, қарттар үйіне орналастыру керек-ау. Әйтпесе обал болды. Айқайлап отырады күнде “көрші” деп, біз жұмыстамыз, күнде бара алмаймыз”, – дейді видео авторы.

Одан бөлек денсаулықтары да нашар екен. Жедел жәрдем қызметі келіп, дәрісін салып кетіп қалады. Жаны ашыған көршілері болса қарттар үйіне орналастыруға көмек қолын сұрайды. Айтуларынша, қариялардың да қалауы сол.

Сізге ұнауы мүмкін

“Балжанды өте қатты жақсы көрдім”: Жахан Отарғалиев ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты (видео)

“Балжанды өте қатты жақсы көрдім”: Жахан Отарғалиев ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты (видео)

02.12.2023
“Фамилияларын атай алмаймын”: Алматы облысының әкімі Болат Назарбаевқа тиесілі қанша жердің қайтарылғанын айтты

“Фамилияларын атай алмаймын”: Алматы облысының әкімі Болат Назарбаевқа тиесілі қанша жердің қайтарылғанын айтты

02.12.2023

Осы бейнежазбаға байланысты құзырлы органдар да өз жауаптарын айтты. Әкімдік мәліметінше, қарттар үйіне орналастыру бойынша құзыреттілік аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарайды.

“Үйіне барып, заңға сәйкес түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, сұрақты шешуге көмек көрсетіледі”, – делінген жауапта.

Одан бөлек, Жібек жолы ауылдық округінің әкімдігінің хабарлауынша, әкім орынбасары Д.Деменбаев және бас маман А.Уразымбетова, жетекші маман Л.Кусайынова қарияларға барып, анықтау жұмысын жүргізді.

“Бейнежазбадағы қариялар Тазабек Байсатбеков 1948 ж.т. және жұбайы Сауле Байсамбекова 1949 ж.т. қазіргі уақытта Жібек жолы ауылы, Самал көшесі №52 үй мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйде тұрады. Екеуі зейнетте. Қариялардың ұлы Малик және қызы Қарлығаш бар. Көршілері тарапынан жалғызбасты қарияларды қарттар үйіне орналастыру туралы хабарланған”, – делінген хабарламада.

Тексеру барысында үйде қариялар және қызы Қарлығаш болған екен. Қызының сөзіне қарағанда, әкесі Т.Байсатбеков қазіргі уақытта науқастанып қалған, дәрігерлер бақылауында, ауруханада ем алып тұрады. Ал анасы болса бұрын құймышағын сындырып, соның салдарынан өздігінен жүріп тұра алмайды. Қоларбаға сүйеніп қимылдайды.

“Қазіргі уақытта қарияларға қызы Қарлығаш тамағын беріп күтім жасайтынын әке-шешесі растады. Қызы Қарлығаш бөлек тұрады. Мектеп жасындағы балаларын мектепке жіберіп, басқа уақытта ата-анасының үйінде болады”, – деді құзырлы орган қызметкері.

Ұқсас материалдар

“Балжанды өте қатты жақсы көрдім”: Жахан Отарғалиев ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты (видео)

“Балжанды өте қатты жақсы көрдім”: Жахан Отарғалиев ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты (видео)

02.12.2023

Актер Жахан Отарғалиев жақында Балжан Бидашпен ажырасқан болатын. Өзінің Instagram парақшасында шаңырағы шайқалғаннан кейін күйзеліске түскенін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz...

“Фамилияларын атай алмаймын”: Алматы облысының әкімі Болат Назарбаевқа тиесілі қанша жердің қайтарылғанын айтты

“Фамилияларын атай алмаймын”: Алматы облысының әкімі Болат Назарбаевқа тиесілі қанша жердің қайтарылғанын айтты

02.12.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі мемлекетке қайтарылған жерлер туралы айтты. Оның ішінде Болат Назарбаевқа тиесілі жерлер жайлы да ақпаратпен...

Танымал актер, сатирик Асқар Наймантаев қайтыс болды

Танымал актер, сатирик Асқар Наймантаев қайтыс болды

02.12.2023

Қазақтың танымал актері, сатирик Асқар Наймантаев 59 жасында өмірден озды, деп хабарлайды kaskelen.kz. Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады....

Меруерт Түсіпбаева әнін рұқсатсыз орындаған Ayree-ге өкпелі

Меруерт Түсіпбаева әнін рұқсатсыз орындаған Ayree-ге өкпелі

01.12.2023

Әнші Меруерт Түсіпбаева қазіргі жастарға деген өкпесін айтты. Жақында “Қимай сені барамын” әніне жаңа леп берген әнші Ayree-ге өкпелеп жүр,...

Келесі
Әкім жауапкершілікке тартылды

Антикор әкімге айыппұл салды

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz