Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Бетіме ештеңе айта алмайды”: Сәкен Майғазиев желідегі хейтке жауап қайтарды

фото: ашық дереккөз

“Бетіме ештеңе айта алмайды”: Сәкен Майғазиев желідегі хейтке жауап қайтарды

10.01.2024
Жаңалықтар
132
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал әнші Сәкен Майғазиев желіде жағымсыз пікір жазып отыратын оқырмандарына сын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Өнер иесі көңілсіз фотосын жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды.

“Құшағымды ашып, жымиып тұрып жазайыншы. Кешегі ақ-қара суретіме қарап мені өмірден түңіліп отырып жазба қалдырған екен деп қабылдағандар көп болыпты. “Сәкен аға, сізді кім жамандаған”, “Сәкен бауырым, көңіліңе алма” деген сынды хат көп келіп жатыр. Кешегі жазбамның маған мүлдем қатысы жоқ.
Сыртымнан тон пішетін, кездескенде бетіме ештеңе айта алмайтындардың әрекеттерін көтеретін иммунитет бар менде, ҚҰДАЙға шүкір. Күле қарауды үйреніп алдым. Айтқым келгені басқа.
Бір ағамыз: “Ұлы тұлғалармен жақын танысып, етене араласуға қорқам. Неге десеңіз, оның пенделігін көріп қоям” деп еді. Замандас, әріптес, сапарлас, дәмдес болған, ақыл тоқтатқан адамдардың әлеуметтік желі арқылы көзі кетіп немесе жүзі тая бере бір бірі туралы өсек айтып, қаралай кететіні не сән?! Соңғы кезде қатты белең алып бара жатқан жағымсыз көрініс”, – деп ренжіді әнші.

Оның айтуынша, бүгінде қарт кісілердің қарғап отыратыны белең алып бара жатқан көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

“Элера Кабилжанқызы деген балапаннан Шарапат “Жауапкершіліктен жұрдай, жексұрын” деп жүрген бір әнші туралы сұрады. Сонда Эля қыз: “Білмеймін, жаман қасиетін көрмедім, өте жақсы адам” деп жауап берді. Сол кезде мен Эляға Серік Қалиев ағамыздың: “Әділ қазылар біреуге баға беріп отырып, өзіне баға беріп отырғанын байқамайды”, деген сөзін айтып бердім. Әсілінде, Элеара әлгі әншіні жамандамаған әрекетімен өзінің жақсы адам екенін көрсетті. Түсіндіре алдым ба?
Соңғы кездері бір бірімізге айдап салып, отқа май құйып, әсіресе, қарт кісілердің тілінен тартып, ғайбат айтқызуға өзіміз мәжбүрлеп жүрміз. Айттыңызшы, қазақ елінің болашағына осы әрекетіміздің пайдасы бар ма?”, – деп жазды мәдениет саласының өкілі.

Тег: Сәкен Майғазиевхейт

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Алматыда ер адам екі баласын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінді

Алматыда ер адам екі баласын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz