Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Биыл әлеуметтік салада қанша жемқорлық қылмысы тіркелді?

фото: pixabay.com

Биыл әлеуметтік салада қанша жемқорлық қылмысы тіркелді?

29.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2024 жылы әлеуметтік салада 95 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 58 адам әшкереленіп, 34 адам сотталды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті “Жаңаөзен Қалалық № 2 Емханасы” ШЖҚ МКК директоры мен бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар мемлекеттік сатып алу шарты бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізбестен жеке компанияның шотына 10,5 миллион теңге көлемінде қаражат аудару арқылы қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Ағымдағы жылдың 26 тамызында Атырау қалалық соты Атырау қалалық № 4 емханасының директоры Е. Сабировқа, шаруа қожалығының басшысы А. Әлжановаға, бас есепші М. Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А. Ералиеваға үкім шығарды.

Алдын алу шаралары аясында сот процесі ашық режимде өтті. Бұл процеске облыстық Денсаулық сақтау басқармасының және оған қарасты 28 ұйымның қызметкерлері онлайн режимінде қосылды. Айыпталушылар кәсіпкерге 231,8 млн. теңге сомасында ақша аудару арқылы жымқырғаны үшін, іс жүзінде заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар бойынша қызмет көрсетпегені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен олар 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ емхана меңгерушісі Сабиров мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Әлжанова, Дүйсенғалиева және Ералиева 7 жыл мерзімге мемлекеттік ұйымдарда материалдық және жауапты қызметтер атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық Іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен анықталғанға дейін кінәсіз деп танылады.

Тег: ақшаәлеуметтік салажымқыруқылмыссыбайлас жемқорлық

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Ата заңда азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғайтын қандай баптар бар?

Ата заңда азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғайтын қандай баптар бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz