Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Биыл елімізде электр энергиясы тарифтері тағы қымбаттауы мүмкін бе?

фото: shtyl.ru

Биыл елімізде электр энергиясы тарифтері тағы қымбаттауы мүмкін бе?

03.05.2024
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанның энергетика министрлігі “2024 жылдың соңына дейін электр энергиясы тарифтері тағы да көтерілуі мүмкін бе” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қазақстанның энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов электр энергиясы тарифтерін табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетінін, ал энергетика министрлігі тек электр станцияларындағы тарифтерге жауапты екенін атап өтті.

“Біз станциялардағы тарифтерді 1 қаңтардан бастап көтердік, сондықтан электр станцияларында жыл соңына дейін электр энергиясы тарифі өспейді. Бірақ көмірдің немесе басқа заттардың бағасы күрт өсіп кетсе, реттеуші шаралар деген ұғым бар”, – деп түсіндірді Сұңғат Есімханов.

Ол тариф бағасы көтерілгенде кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы да көтерілетінін айтты. Сөзінше, Жезқазған ЖЭО-да машинистің орташа жалақысы – 400 мың теңге. Бұл – энергетика саласы үшін жақсы жалақы. Бірақ Жезқазған металлургия кәсіпорнында жалақы – 600 мың теңге. Сол себепті кей мамандар кетіп жатыр.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

“Мұның бәрін кешенді түрде қарастырылуы керек, бірақ алдағы айда сол үшін тарифті көтереміз деп тұрған жоқпын”, – деп толықтырды Сұңғат Есімханов.

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда коммуналдық тарифтер көтерілетінін және ол қаржы қайда жұмсалатынын айтты.

Тег: тарифэлектр энергиясы

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Елімізде мектеп мұғалімдерінің қанша пайызы ер адамдар?

Елімізде мектеп мұғалімдерінің қанша пайызы ер адамдар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz