Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Блогерлерге қатысты жаңа заң шықты

фото: pexels

Блогерлерге қатысты жаңа заң шықты

09.09.2023
Жаңалықтар
51
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бүгін “онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы” заң ресми түрде күшіне енді. Мемлекет басшысы осы жылдың 10 шілдесіне тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Заңға сәйкес, әлеуметтік медиа интерфейстеріне мемлекеттік тілді енгізу қажет. Блогерлер мазмұнды қазақ тіліне автоматты түрде аудару мүмкіндігін жасауы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында қазақ тіліндегі контентті модерациялауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-платформаларда заңсыз контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынады.

Сізге ұнауы мүмкін

Баспалдақта сыныптасы итеріп жіберген оқушы ауруханаға түсті

Баспалдақта сыныптасы итеріп жіберген оқушы ауруханаға түсті

25.09.2023
Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды

Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды

25.09.2023

Құқыққа қайшы контент: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдыққа, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа, суицидке, порнографияға, есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларына, сепаратизм идеяларына шақыру, насихаттау немесе үгіттеу болып табылады, алаяқтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға ықпал ететін ақпарат, сондай-ақ мәлімдемелер, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін ақпарат, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын Ақпарат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де ақпарат.

Құқыққа қарсы контентті орналастыруды тоқтату “байланыс туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Онлайн-платформаның меншік иесі және заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Интернеттегі жарнамаға қойылатын талаптарға келетін болсақ, ол анықталуы және таңбалануы керек. Онлайн-жарнама уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен таңбаланады. Онлайн-жарнаманы орналастыру және тарату “жарнама туралы” Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Онлайн-платформа пайдаланушыларды мәтіндік және графикалық және өзге де белгілердің көмегімен мақсатты онлайн-жарнаманы сәйкестендіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

Таргеттелген онлайн-жарнамада мазмұнның онлайн-жарнама екенін көрсететін мәтіндік және графикалық, өзге де белгілер болуы. Онлайн-жарнама орналастырған пайдаланушының есептік жазбасын белгілеуі тиіс.

Жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нәсілдік немесе ұлттық тиістілік, саяси көзқарастар, биометриялық немесе дербес деректер, пайдаланушының денсаулық жағдайы туралы ақпарат негізінде профайлинг жасауға тыйым салынады.

Мақсатты онлайн жарнама онлайн платформа кәмелетке толмаған пайдаланушы ретінде анықтаған пайдаланушыларға қолданылмауы керек.

Сондай-ақ Әкімшілік кодексте жаңа бап енгізілді. Ол онлайн-платформалар арқылы жалған ақпаратты тарату үшін жауапкершілікті көздейді. Мәселен, 20 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылады (шамамен 60 мың теңге). Егер бір жыл ішінде адам жалған ақпарат тарату фактісіне қайта жол берсе, онда ол 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы немесе 40 АЕК айыппұл төлеуі тиіс.

Тег: Басты жаңалықтарблогерзаң

Ұқсас материалдар

Баспалдақта сыныптасы итеріп жіберген оқушы ауруханаға түсті

Баспалдақта сыныптасы итеріп жіберген оқушы ауруханаға түсті

25.09.2023

Астанадағы №14 мектептің оқушысы үзіліс кезінде баспалдақтан құлап түсті, деп хабарлайды kaskelen.kz қаланың білім басқармасына сілтеме жасап. "№14 мектеп-гимназиясының оқушысы...

Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды

Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды

25.09.2023

Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды kaskelen.kz. "Мемлекет басшысының...

Сара Амангелді мен әнші Тұрар Ыдырыстың ұзату тойында бірге отырған видеосы тарады

Сара Амангелді мен әнші Тұрар Ыдырыстың ұзату тойында бірге отырған видеосы тарады

24.09.2023

Әнші, актриса Сара Амангелді той көйлегімен түскен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Kaskelen.kz Осыдан соң желіде Сара Амангелдінің ұзатылған видеосы...

«Әділетті Қазақстанды еңбекқор, адал азаматтар ғана құра алады»: Тоқаев

«Әділетті Қазақстанды еңбекқор, адал азаматтар ғана құра алады»: Тоқаев

24.09.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kaskelen.kz "Құрметті отандастар! Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!...

Келесі
«Үйге қайтуына 10 күн қалған»: Мақтааралда сарбаздың үстіне шекара сымы құлап, мерт болды

«Үйге қайтуына 10 күн қалған»: Мақтааралда сарбаздың үстіне шекара сымы құлап, мерт болды

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz