Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Бұдан былай саяжайларда салынатын баспананың аумағы 50 шаршы метрден аспауы керек

фото: novate.ru

Бұдан былай саяжайларда салынатын баспананың аумағы 50 шаршы метрден аспауы керек

27.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Енді еліміздегі саяжайларда салынатын баспаналардың аумағы 50 шаршы метрден аспауы керек. Өнеркәсіп министрлігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, бұл саяжайларда халықтың тұрақтап қалуына тыйым салу үшін жасалған шектеу.

Ал көпшілік қала ішінен баспана салуға жер таппай немесе қаражат жетпеген соң амалсыз саяжайға көшіп барамыз дейді. Сондықтан тұрғындар министрліктің жаңа талабы ойға қонымсыз деп отыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

2025 жылдан бастап тұрғындар саяжайда салынатын баспананың аумағын бекіту үшін әкімдіктен рұқсат алу керек. Ал бұл өзгеріспен көпшілік мүлдем келіспейді. Өйткені қаншама жылдан бері жер телімінің кезегін күтуден шаршап, саяжайға қоныстанып жатқандар жетерлік. Бір отбасы үшін әкімдік бекіткен кішкентай үйде тұру мүмкін емес. Сол себепті әркім өз қалауындағы баспананы салуға құқылы дейді.

Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шектеуді халықтың қауіпсіздігі үшін енгіздік дейді. Айтуларынша саяжайлар халықтың тұрақты тұруына арналмаған. Сондықтан тек жылы мезгілдерде бау- бақша егіп, шаруашылығын баптау үшін бекітілген баспана аумағы азаматтарға жеткілікті дейді.

“Әлеуметтік тұрғыдан осал топтар көп жағдайда саяжайларды тұрақты тұруға пайдаланады. Алайда, бұл үйлер қыс мезгіліне бейімделмеген. Олардың коммуникациялық жүйелері суық кезеңде өшіріледі. Сондықтан қысқы мезгілде өрт қаупі туындауы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін саяжайларды тұрақты тұруға пайдалануға тыйым салу қажет”, – дейді министрлік.

Ал құрылыс саласының маманы Манарбек Еспенбетов жаңашылдық азаматтардың құқығын шектеу дейді.

Оның сөзінше, шенеуніктер елімізде ұзақ жылдар бойы шешілмеген саяжайлардың мәселесінен қашып, халыққа осындай талап қойып отыр.

“Өте қолайсыз. 50 шаршы метр дегенің 10-5 метр. Ол кішкентай ғана үй. Орысша айтқанда жазғы үй. Халыққа жағдай жасау керек қой. Олар енді үкіметтен ақша сұрап отырған жоқ маған саяжай салып бер деп. Өзінің ақшасына салады. Шектеу қою деген дұрыс емес. Менің ойымша, үкімет сол жерге инфрақұрылым апарудан, жол, газ, су апарудан басын алып қашып отырған тірлік деп ойлап отырмын”, – дейді сарапшы Манарбек Еспенбетов.

Айта кетейік, заңға енгізілген өзгерістің бұған дейін салынған баспаналарға қатысы жоқ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір елдегі саяжайларда 40 мың адам тұрып жатыр.

Тег: баспанасаяжай

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Жылдық кірісі 30 миллион теңгеден асатын азаматтарға 15 пайыздық табыс салығын төлеу міндеті тағылмақ

Жылдық кірісі 30 миллион теңгеден асатын азаматтарға 15 пайыздық табыс салығын төлеу міндеті тағылмақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz