Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Дархан Жолшыбековтен нәресте көтерген ару баласының еміне жәрдемдесуді сұрайды

фото: ашық дереккөз

Дархан Жолшыбековтен нәресте көтерген ару баласының еміне жәрдемдесуді сұрайды

23.11.2023
Жаңалықтар
168
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Осыдан бес жыл бұрын танымал блогер Дархан Жолшыбековпен қыз бен жігіт болып жүрдік деген Айдана Боранбайқызы ел естімеген деректерді айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Жезқазғандық Айдана Тараз қаласындағы Park Mall ойын-сауық орталығында даяшы болып жұмыс істеген.

“2018 жылы Дарханмен таныстым. Біз төрт ай қол ұстасып, қыз бен жігіт болып жүрдік. Ол кезде жасым 17-де болатын. Кейін ренжісіп, араласпай кеттік. Сол кезде менің аяғым ауыр екенін білдім. Дархан да білді. Бірақ “ешкімге айтпа, білдіртпе” деп қозғағанымды қаламады. Маған үйленгісі де келмеді. Содан кейін мен ата-анамның қолына Жезқазғанға кетіп қалдым. 29 желтоқсан күні қызымды босандым. 18 жасымда ана атандым. Кейін әкесімен мүлдем араласпадық. ”, – дейді Айдана.

Оның айтуынша, Дарханның ата-анасының үйіне дейін іздеп барған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Жүкті екенімді білгеннен кейін ата-анам оның үйіне іздеп барды. Алдарынан өтті. Олар да баланы қабылдамайтынын айтты. Ағасы Ақтілекке де жаздық. Дарханның ата-анасы “Қыздарың басына түскен ауырлықты өзі көтерсін, бізді араластырмаңдар” деді. Содан кейін ол жаққа қайтып аяқ баспадық. Қазір қызымды жалғыз өсіріп жатырмын. Отбасымда жеті қыздың үлкені болсам, қызым үйдің сегізінші қызы болып жүр. Ештеңеге өкінбеймін”, – дейді жас ана.

Баланың әкесі Дархан ДНҚ сараптамасын тапсыруға өз аяғымен келіп, ешқандай қарсылықсыз келіскен.

“Басында ДНҚ тапсыруға қарсы болғанымен, кейін келісті. Сол кезде 99,9 пайыз сәйкес келді. Мен қызым туғанда Дарханның тегін бергім келді. Әкем өте қатты қарсы болды. Біраз уақыттан кейін рұқсатын берді. “Жолшыбек Айша Дарханқызы” деп туу туралы куәлігіне жаздырдық”, – деп қызының құжатын көрсетті.

Айдананың сөзінше, заңды әкесі екені расталғаннан кейін, алимент  төлеудің әлегі де аз болмаған.

“Мені көп адам сөгіп жатыр. “Осыған дейін айтсаң қайда қалдың, Дархан байып кеткеннен кейін шығып тұрсың. Жабулы қазан жабулы күйінде қалмады ма, саған керегі ақша” деп көп адам ұрысты. ДНҚ қорытындысы сәйкес келіп тұрғаннан кейін ол баланың әкесі екені рас. Бірнеше рет қызыңа көмектес, маған ештеңе керек емес деп жаздым. Мүлдем жауап болмады. Жарияға жар салмадым. Шыдамның шегі жеткесін,  адвокат жалдап, сот арқылы алимент төлеттіре бастадым. Жұрт Дарханды ақшасы көп, бай дейді. Бірақ өзінің атында ештеңе жоқ. Бүкіл байлығы мен бизнестерін әйелі мен бауырларының атына жазып тастаған. Сотта кездескенімізде  тұрақты жұмысы жоқ, ең төменгі жалақы 65 мың, зейнетақы қорына аударылмайтын, қолма-қол ақша алатын жерде жұмыс істейді деген бір жапырақ қағаз әкелді. Сот шешімі соған сәйкес болып, 15 мың теңге алимент өндіріп берді. Қазір сол ақшамен күн көріп отырмыз”, – дейді Айдана.

Бүгінде жас ана қызының денсаулығына алаңдайды. Келесі оқу жылында мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршін сөйлемейді.

“Дарханды әлеуметтік желімен іздеуімнің себебі бар. Осындай қадамға шарасыздықтан барып отырмын. Қызым Айша келесі жылы мектепке барса да, әлі күнге дейін сөйлей алмайды. Логопед пен невропотологтың есігін тоздырып жүрміз. Сұраққа сұрақпен жауап береді. Сөйлем құрап, қалауын айта алмайды. Мама мен папаны ғана анық айтады. Осы қызымды емдетуім керек. Екі ай бұрын Дарханға жаздым. Қызың сөйлемейді, дәл қазір емін бастағым келеді, көмектесші” дедім. Одан жауап болмады. Кейін мені бүкіл жерден бұғаттап тастады. Мен де ашуланып, барлық желіде ашық айтып жатырмын. Істі аяғына дейін жеткіземін. Қазіргі әйелі Дариға да хабардар деп ойлаймын. Жақында екінші сәбилі болмақ. Олардың отбасын бұзу – мақсатым емес. Тек Дархан қызыма көмектесіп тұрса болды. Олардың отбасына мүлдем араласпаймын. Дарханның өзі хабарласуын күтемін. Егер хабарласпаса әлеуметтік желі арқылы әшкерелеп, бағдарламаға да шығамын. Қолыма ДНҚ қорытындысы бар”, – деп ашуланады жас ана.

 

Тег: блогерДархан Жолшыбек

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
“Өзің туған қыз болмағасын, түсінулері қиын”: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы сыр шертті

"Өзің туған қыз болмағасын, түсінулері қиын": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы сыр шертті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz