Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Өзің туған қыз болмағасын, түсінулері қиын”: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы сыр шертті

фото: ашық дереккөз

“Өзің туған қыз болмағасын, түсінулері қиын”: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы сыр шертті

23.11.2023
Жаңалықтар
431
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“MOM’skий әңгіме” бағдарламасына келген продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жұбайы жайлы айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

“Жұлдыз келін болып түскенде, 19 жаста болды. Ал Қайрат 18 жаста еді. Келін бөтен үйге келгенде ештеңе білмей келеді. Үйрету біздің парызымыз. Бірінші келген кезінде қызықтары көп болды. Қонақта отырсам, “Бірінші пияз салам ба? Ет салам ба?” деп хабарласты. Сөйтсем, Қайрат екеуі тамақ дайындайын деп жүр екен. Қазір тамақты өте дәмді дайындайды”, – деді Гүлзира Айдарбекова.

Бұған қоса продюсер келіндерінің жағдайын жасауға тырысатынын айтты.

“Келіндердің барлығы солай. Келген кезде қиналады. Үй қызметшілері ауысқанда басқасын тапқанша арасында үзіліс болады. Сондай кезде өздеріне қиын болады. Негізі барынша қиналдырмауға, жағдайларын жасауға тырысамын. Нұрекең “Сен келіндерді жаман үйреттің. Үйдің шаруасын білмей қалады” дейді. “Менің көргенімді көрмей-ақ қойсын. Өздері білетін шыған. Түсінетін шығар” деймін. Біздің үйде міндетті түрде нан жабамыз. Келін біздің өміріміздің жалғасы. Сондықтан бәрін үйретуіміз керек. Ене барынша түсіндіруге тиісті.

Бірақ оны тыңдайтын келін болса, әрине. Өйткені, басқа әулеттен, басқа тәрбиеден шыққасын, сенің жан дүниеңді түсінуі де қиын ғой. Ата-ана “Қайтсем баламды бақытты етем” деп ойлайды ғой. Өмір өте адамдар сенің қанша жақсылық жасап, қиындыққа төзгеніңді түсінеді.

Кейде соқыр, кейде керең боласың. Өзің туған қыз болмағасын, түсінулері қиын. Келінді қатты ұстасаң – сынып кетеді. Бос ұстасаң – жайылып кетеді. Шыдайтын келін болса, шыдайды. Шыдамайтын келін болса, “Жібере салайын. Өзі білсін. Өзі білетін уақыты жетті” дейсің. Айтқаныңа көнсе, ана ретінде ақылыңды айтасың. Көнбесе, әрі қарай өздері шешсін дейсің. Негізі осы дұрыс. Енелер келінмен ұрысып, абырой таппайды. Ер адам анасына қарағанда, әйелін көп тыңдайды. Балаңның жүрегін ауыртып, ортасына от салып не істейсің? Олар да өмір сүруі керек. Олар да шыңдалуы керек””, – деді Гүлзира Айдарбекова.

Тег: Гүлзира АйдарбековаҚайрат Нұртас

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
“Айлығым 122 мың”: Қайрат Әділгерей жұмысына қатысты шындықты жайып салды

"Айлығым 122 мың": Қайрат Әділгерей жұмысына қатысты шындықты жайып салды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz