Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде 15 қыркүйекке дейін алғашқы декларацияны кімдер тапсыруы керек?

фото: ашық дереккөз

Елімізде 15 қыркүйекке дейін алғашқы декларацияны кімдер тапсыруы керек?

18.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңіне жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшылары, сонымен қатар олардың жұбайлары қатысады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі 2024 жылы басталды. Оған жеке кәсіпкерлер (ЖК), заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары қатысады.

15 қыркүйекке дейін олар 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы кіріс декларациясын тапсырулары керек, ал келесі жылдан бастап 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы жылдық декларацияны толтырады.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) заңды тұлғалардың басшылар мен құрылтайшылар санатына нақты кімдер жататынын түсіндірді. Осылайша, 2024 жылы 250-нысандағы декларацияны бірінші рет ұсынатындар:

  • заңды тұлғалардың (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың) басшылары;
  • директорлар кеңесінің төрағасы;
  • заңды тұлғаның алқалы басқару органының бірінші басшысы;
  • жеке басшы;
  • тұрғын үй / саяжай кооперативтерінің төрағасы;
  • заңды тұлғалардың құрылтайшылары;
  • заңды тұлғалардың қатысушылары;

Декларацияны жоғарыда аталған тұлғалардың жұбайлары және қызметін тоқтатқан, бірақ заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерлігін жаппаған тұлғалар да тапсыруға міндетті.

Бірақ филиалдар мен өкілдіктердің басшыларына, оған қоса діни бірлестіктерді құруға бастамашы болған азаматтарға және саяжай немесе тұрғын үй кооперативтеріне қатысушыларға кіру туралы декларацияны әзірге тапсырудың қажеті жоқ.

Жалпыға бірдей декларацияға әлі қатыспаған қазақстандықтардың барлық басқа санаттары сияқты оларда мұндай міндет 2025 жылы ғана пайда болады.

Қағаз нысанда салық декларациясын ХҚКО, мемлекеттік кірістер органдары немесе пошта бөлімшелері арқылы ұсынуға болады.

Электрондық нысанда декларацияны төмендегілердің бірі арқылы тапсыруға болады:

  • “Салық төлеушінің кабинеті” – cabinet.salyk.kz;
  • “Электрондық үкімет” порталы – egov.kz;
  • Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тексеру және тапсыру сервисі – moldir.qoldau.kz;

Сонымен қатар мобильді қосымшалар арқылы тапсыруға болады:

  • E-Salyq Azamat;
  • eGov mobile;
  • HALYK, ЦентрКредитБанк, Kaspi.kz;

Декларациянын тапсыру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет емес, оны SMS-пароль арқылы жіберуге болады.

Тег: ақшадекларациязаңсалық

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Сатып алған пәтерді бұрынғы иесі босатпай жатса не істеу керек?

Сатып алған пәтерді бұрынғы иесі босатпай жатса не істеу керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz